Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсімдік майларының сапасын физика-химиялық талдау

Автор:   •  Февраль 3, 2022  •  Курсовая работа  •  4,837 Слов (20 Страниц)  •  339 Просмотры

Страница 1 из 20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей»

Тақырыбы: «Өсімдік майларының сапасын физика-химиялық талдау»                          

Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі.

Секция: Химия

Жоба авторы: 

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицей,

Мұханбет Арайлым, 9 «А» - сынып

Ғылыми кеңесші:

Жунусова Қ.З.

«Май өнімдерін өңдеу» зертханасының меңгерушісі, х.ғ.к.

Ғылыми жетекші:

Абраимова  Гульназ Тлеубердыкызы

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі  

                         

Нұр-Сұлтан қаласы, 2020 жыл

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің 9 «А» сынып оқушысы Мұханбет Арайлымның «Өсімдік майларының сапасын физика-химиялық талдау»  тақырыбындағы зерттеу жобасына

П І К І Р

 «Өсімдік майларының сапасын физика-химиялық талдау» тақырыбындағы Мұханбет Арайлымның ғылыми жобасы жан-жақты зерттелген, қорытындыланған жоба.  Яғни, Өсімдік майлары өнімдерінің сапа көрсеткіштерін физика-химиялық талдау арқылы анықтап, май өнімдерінің сапа көрсеткіштерінің мемлекеттік стандартқа сәйкес келетіндігін саралап, есептеді. Жұмыстың тәжірибелік бөлімінде майдың қышқылдық мәнін, пероксид мәнін, ылғалды-ұшқыш мәнін физика-химиялық талдау жасай отырып анықтауы және нәтижелерді талдап, саралауы оқушының қосымша ізденіп, химиялық ғылымдар саласының бір ізділігін ұтымды қолданғандығын көрсетеді.

Ғылыми жобаның теориялық және практикалық жағы жан-жақты зерттелген.  Жүргізілген талдамалар, есептеулер арқылы стандартқа сәйкестігі  нақты дәйектермен ғылыми негізде дәлелдеген.

 Мектеп бағдарламасында жоқ әдістерді қолданып, үйреніп ғылыми жобаның өзекті мәселелерін практикалық жұмыста салыстыра отырып ашқан. Ғылыми жоба нәтижесі, зертелген өсімдік майларының өнімдерінің сапа көрсеткіштері барлық талаптарға сәйкес келеді деп қорытындылаған.  

Май өнімдерінің сапалық құрамының нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін ғылыми жағынан анықталды.

Ғылыми жоба нәтижесі май  өнімдерін алудың жаңа технологияларын әзірлеуге, оларды модернизациялауға, сақтау үрдісін жетілдіруге, яғни сапа көрсеткіштерін жақсартуға байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды.

 Ғылыми жоба жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицейлер мен колледждерге жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқу үшін қосымша материал көзі ретінде қолдануға болады.

Пікір беруші 

Сырбай Мәуленов атындағы

№37 мектеп-лицейінің

химия пәнінің мұғалімі                                              Абраимова Г.Т.

Ғылыми жұмыстың негізгі қағидаларының сипаты

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміз тәуелсіздігін алып нарықтық экономикаға көшкеннен бастап отандық ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібін дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Осы «Отандық тауарлардың сапасы қандай деңгейде» деген сұрақ қазіргі кезде көкейкесті болып отырған мәселелердің бірі. Әрбір өнімнің қауіпсіздігі қоғам үшін маңызды жетістік болып табылады. Қазақстандық, отандық тауар тек қана сапалы болып қана қоймай, шетелдік тауарларға бәсекелестік туғыза алатындай деңгейде болуы керек. Сондықтан да, әр кезде де тамақ өнімдерінің, әсіресе отандық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселесі өзекті болып табылды. Оның өзектілігі әр жыл сайын жоғарылап келеді, өйткені, азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдар денсаулығын сақтауды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.

...

Скачать:   txt (68.2 Kb)   pdf (507.1 Kb)   docx (332.5 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club