Болат есік блоктарының сапасын бағалау
Автор: ezhansaya_99 • Январь 28, 2021 • Курсовая работа • 6,915 Слов (28 Страниц) • 639 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті
Көлік-энергетика факультеті
«Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Квалиметрия
Тақырыбы: Болат есік блоктарының сапасын бағалау
Қабылдаған: т.ғ.к., доцент Тайманова Г.К.
Орындаған: СжС-33 гр.ст.
Есберген Жансая
Нұр-Сұлтан
2020
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
1 Бастапқы ақпарат | 5 |
2 Жалпы ақпарат | 12 |
3 Өнім сапасын анықтау | 14 |
3.1 Өнім сапасының техникалық деңгейі және оны бағалау әдісі | 14 |
3.2 Сапа көрсеткіші және оны бағалау әдісі | 17 |
4 Өнім сапасын анықтау әдісі | 21 |
4.1 Болат есік блогының сапасын сараптық бағалау | 21 |
4.2 Салмақтылық коэффициенттерін анықтау | 23 |
4.3 Дифференциалдық бағалау әдісі | 26 |
Қорытынды | 28 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 30 |
[pic 1]
Кіріспе
ГОСТ 15467 сәйкес өнімнің сапасы - бұл оның мақсатына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын анықтайтын жиынтық.
Біздің еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі көптеген ұйымдарда, өндірісте, өкілдіктерде жаңа басқару жүйесіне көшу қажеттілігін тудырды, ол аз шығынмен өндіруді, жоғары сапалы өнімді шығаруға және де Қазақстан нарығында талап етілетін және бәсекеге төтеп беретін деңгейге жетуі қарастырылады. Сол себептен, әрбір өнім мен қызмет көрсету саласы анағұрлым жақсы болуы үшін, өнім сапасына деген сұраныс та күн сайын артуда. Құрылыс материалдары да шетте қалмады. Мемлекетте құрылыс нысандары көптен салынып жатқандықтан, шетелдің өнімдерін қолданған, одандық құрылыс материалдары мен өнімдерін пайдалану тиімді әрі қолайлы, сондықтан құрылыс материалдары мен өнімдері құрылыс нысанына кетпесстен бұрын тексеру мен сертификациядан өтуі керек.
Қазіргі таңда сапа әмбебап сипатқа ие. Ол бәсекеге қабілеттілік жолында көптеген объектілердің негізгі қайнар көзі. Әрбір мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жамуы кез келген тұтынушының өміріне тікелей әсер ететін тауап сапасы мәселесінің сәтті шешілуне байланысты. Сапаны жетілдірудің тиімді жолы – сапаны басқару.
Берілген курстық жұмыста сапалық бағалау объектісі болат есіктер блоктары болып табылады. Курстық жұмысты орындау барысында болат есіктердің классификациясы мен сапа көрсеткіштер анықталған болатын. Басты және анықтамалық ақпарат соңғы өндірістік практиканың материалдарын, қажетті техникалық шарттарды, стандарттарды, басты нормативтік құжаттарды, 9000 сериялы ISO халықаралық стандарттарын қамтиды. Сонымен қатар, осы өнімнің сапасын бағалау әдістері зерттелді. Жұмыс барысында қолданылған сапаны бағалау әдістері: дифференциалдық әдіс, сараптық бағалау, кешенді талдау, салмақтылық коэффицентін анықтау.
...