Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Статистикалық бақылау

Автор:   •  Февраль 20, 2022  •  Реферат  •  3,057 Слов (13 Страниц)  •  416 Просмотры

Страница 1 из 13

                                             ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                        Л.Н ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

            СӨЖ

                    Тақырыбы: Статистикалық бақылау

                                                                   Орындаған: Комекбаев Ерболат

                                                                   Тобы: МА-21

                                                                   Тексерген: Кайранбеков Б.О

                                           

                                        Нұр-Сұлтан, 2022 жыл

Жоспары:

Кіріспе        

1-бөлім. Статистиканың негізгі ұғымдары

2-бөлім. Статистикалық бақылау

3-бөлім. Статистикалық бақылаудың түрлері, жіктемесі

4-бөлім. Статистикалық бақылаудың тәсілдері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

             

Статистикалық бақылау  деп қоғамдық құбылыстар туралы мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде жинауды айтады. Жалпы Кез-келген статистикалық зерттеу деректерді есепке алу және бастапқы мәліметтерді жинаудан басталады.

1 Статистиканың негізгі ұғымдары

          Статистика – қоғамдық ғылым, ол сапа жағынан анық болатын бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің санды жағын танып біледі. Статистика нақты орыны бар және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрылымын және бөлінуін, кеңістікте орналасуын, мезгілдегі қозғалысын анықтайды; оның негізгі мақсатына іс жүзіндегі санды тәуелділіктер, тенденциялар және заңдылықтарды зерттеу жатады.

          Статистика пәні – көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлері және санды ара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылықтары.

          «Статистика» үғымын (латын сөзі) орта ғасырларда мемлекеттің саяси жағдайы деп түсіндірген. Оны айналымға 18 ғасырда Готфрид Ахенваль енгізді.

         Қазіргі уақытта «статистика» ұғымы келесі үш мағынада қолданылады.

          1. Статистика – бұл іс жүзіндегі қызмет саласы, оның мақсаты болып түрлі құбылыстар туралы бұқара деректер жинау, өңдеу, талдау және жариялау болып табылады. Синоним ретінде осы жағдайда «статистика» сөзіне «статистикалық есеп» сөз тіркесі қолданылады.

          2. Статистика – қоғамдық құбылыстардың белгілі бір жағын немесе белгілі бір көрсеткіштің аумақтық бөлінуін сипаттау үшін қолданылатын сандық деректер.

          3. Статистика – бұл білім саласы, ерекше ғылыми пән және сәйкес орта және жоғары оқу мекемелерінде оқытылатын оқу пәні.

2 Статистикалық бақылау

          Статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары өздерінің істелінетін кезеңдері мен сатыларына және жүйелілігіне қарай үшке бөлінеді:

  • Статистикалық бақылау, яғни бастапқы деректерді жинау;
  • Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған деректерді өздеріне тән нышандарына қарай бір жүйеге келтіре отырып жинақтау, топтастыру және өңдеу;
  • Жинақталған, өңделген және топталған деректерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін тұжырымдау.

          Біз бұдан «статистикалық бақылау» статистикалық зерттеудің бастапқы кезеңі екенін көріп отырмыз.

          Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен үдерістері туралы бастапқы деректерді алдын ала даярланған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілін айтады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты-жөні, туған күні, айы, жылы, ұлты, ата-анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа да керекті көрсеткіштері көрсетіледі.

...

Скачать:   txt (35.5 Kb)   pdf (237 Kb)   docx (57.7 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club