Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сызықтық электр тізбектері

Автор:   •  Май 14, 2023  •  Лекция  •  3,032 Слов (13 Страниц)  •  218 Просмотры

Страница 1 из 13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ -ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы

EEAN 2204/OEEA 2204 «Электротехника, электроника және автоматика негіздері» пәні

6В01404 – «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасына

  АРНАЛҒАН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

        

Тараз-2020 ж

Лекция №1 

Сызықтық электр тізбектері

1.1. Электр тізбегінің элементтерін тізбектей қосу

1 суретінде тізбектей қосылған кедергілері бар электр тізбегі көрсетілген.   

[pic 1] 1-сурет

        Э.к.к. көзінің қысқыштарындағы кернеу шама жағынан электр қозғаушы күшіне тең. Сондықтан көбінесе схемада көз көрсетілмейді.
Кедергілердегі кернеу түсулері мына формуламен анықталады.
[pic 2]
Кирхгофтың екінші заңына сәйкес, электр тізбегі кірісіндегі кернеу тізбек кедергілеріндегі кернеулердің қосындысына тең.
[pic 3]      [pic 4]
        Тізбектің эквивалентті кедергісі тізбектей қосылған элементтердің қосындысына тең.

1.2. Электр тізбегінің элементтерін параллель қосу

       2 суретінде параллель қосылған кедергілері бар электр тізбегі көрсетілген.

[pic 5]
2 -сурет
      Параллель тармақтардағы токтар формуламен анықталады:

[pic 6]

[pic 7]
      Мұндағы g, g , g 1-2, n-ші тармақтардың өткізгіштігі
Кирхгофтың бірінші заңына сәйкес, схеманың тармақталған бөлігіндегі ток, параллель токтардың қосындысына тең.
[pic 8]        [pic 9]
  Параллель қосылған элементтерден тұратын, электр тізбегінің эквиваленттік өткізгіштігі, әрбір параллель қосылған элемент өткізгіштерінің қосындысына тең.
Тізбектің эквиваленттік кедергісі деп эквиваленттік өткізгіштікке кері шаманы айтамыз.




       Электр тізбегі үш параллель қосылған кедергіден тұрсын. Эквиваленттік өткізгіштік
[pic 10]
[pic 11]
 n бірдей элементтен тұратын схеманынң эквиваленттік кедергісі бір элемент кедергісі R -ден  n есе кіші болады.
[pic 12]
Екі параллель қосылған өткізгіштен тұратын схеманы қарастырамыз. Схеманың тармақталған бөлігіндегі кедергі мен ток шамалары белгілі болсын. Параллель тармақтардағы токтарды табу керек.
[pic 13]
3 – сурет.Тізбектің эквиваленттік өткізгіштігі
[pic 14],
Ал эквиваленттік кедергісі
[pic 15]
Схеманың кірісіндегі кернеу  
[pic 16]
Параллель тармақтардағы токтар  
[pic 17]
Осы сияқты
[pic 18]
Параллель тармақтағы ток схеманың тармақталған бөлігіндегі токты басқа параллель тармақ кедергісіне көбейтіп, оны кедергілер қосындысына бөлгенге тең.
[pic 19]

Лекция №2

Электрлік өлшеулер және электр өлшеуіш құралдар.

2. 1. Кедергілер үшбұрыштың эквиваленттік жұлдызшаға айналдыру

Параллель және тізбектей қосылған кедергілері жоқ тізбектер кездеседі. Ол 4- суретте көрсетілген. Осы схеманың эквиваленттік кедергісін э.қ.к бар тармақты алдындағы көрсметілген әдістермен анықтауға болады. Егер R1-R2-R3 кедергілер үшбұрышты өзгертсек (1-2-3) түйсіндеріне қосылған, кедергінің үш сәулелі жұлдызшысына онда пайда болған схеманың эквиваленттік кедергісін былай есептейміз:
[pic 20]4 –4-сурет
Кедергілер жұлдызшщасының эквивалентті сәуле кедергісі үшбұрыштың іргелес жатқан қабырғаларының кедергілерінің көбейтіндісіне үшбұрыш қабырғаларының кедергілері қосындысына бөлгенге тең.
Көрсетілген ережеге сәйкес, жұлдыз сәулелерінің кедергілері мына формулалар бойынша анықталады:
[pic 21]
 Алынған схеманың эквивалентік кедергісі мына формуламен анықталады:
[pic 22]
       R0 және Rλ1 кедергілері тізбектей, ал   Rλ1 + R4  және  Rλ3 + R5 тармақтары параллель қосылған.

...

Скачать:   txt (51.2 Kb)   pdf (3.9 Mb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club