Дискретті хабар алмасу желілері
Автор: Adik_09 • Март 6, 2023 • Курсовая работа • 2,509 Слов (11 Страниц) • 150 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университеті
БЖТ кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«ДХТ болашақ жүйелері және ДХТ желілері »
пәні бойынша
Тақырыбы: «Дискретті хабар алмасу желілері»
Жетекшісі: Турдыбеков Д.М. .[pic 1][pic 2]
[pic 3][pic 4]
[pic 5]
Студент: РЭТ-21-1 тобы[pic 6]
Бердикулов Адильбек [pic 7][pic 8]
[pic 9][pic 10]
[pic 11][pic 12][pic 13]
Қарағанды 2023[pic 14]
Кіріспе
Телеграф байланысының даму тарихы. Дискретті хабар тарату адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. ДХТ-сыз әр түрлі еңбек шаруашылығына, сонымен байланыс аймағына қажетті қазіргі автоматталған басқару жүйелері құрыла алмайды. ДХТ техникасын қолдану қымбат, жоғарыөнімді есептегіш техниканы, есептегіш және мәліметтерді тарату желісі жолымен құруды қамтамасыз етеді. Ортақ қолданылатын телеграф желінің ары қарай дамуы халықтың ақпаратпен алмасу қажеттілігін қамтамасыздандыруға мұршалы, ал абоненттік телеграфты желісімен мәліметтер таратудың дамуы - өндіріс мекемелерінің оперативті байланыстағы талаптарын тез орындайды. Соңғы енгізілген ДХТ техникасы мекемелер жұмысының эффективті жоғарлауына мүмкіндік береді. Қаншама жылдар адамзат ақпаратты аз уақыт ішінде алыс арақашықтыққа тез, минималды қателіктермен тарату проблемасын шеше алмады. Төртінші ғасырдың өзінде Ежелгі Грецияда суда орналасқан телеграф болды. Бірақ та бұл телеграфтың тарих дәулеті болғанына қарамастан, оның хабар тарату принципі әлі де қолданылады. Синхронизация мен фазалауды шешуде қазіргі ДХТ жүйесінде осы басқа да әдістер қолданылады. 1832 Академик наук П.Л.Шилинг электромагнитті телеграфтық аппарат практикасына пайдасы тиетін, дүние жүзінде бірінші байқау жүргізді. Электрография облысындағы физик және академия электротехнигі, дүние жүзінде бірінші әріп басатын, электро қабылдағышы бар телеграфты аппарат ойлап тапқан – Б.С.Якоби, П.Л.Шилингтің байқауын толық бекітті. П.Л.Шилинг пен Б.С.Якоби еңбектерінің мәні, олар электрмагниттік телеграфияның, яғни электротехниканың негізін қалады. Міне, қазіргі кезде көлемді ақпарат тарату үшін стартстопты телеграфты аппарат қолданылады. Сонымен қатар жылжымалы бейне тарату аппараты қолданылады. Бүгін электробайланыстың құжатты түріне жататын, телеграфия, мәліметтерді таратқыш, факсимильді байланыс байланысты басқару сферасында еңбекті эффективті жоғарлаудың ең маңызды катализаторы болып табылады.
Бұл курсттық жұмыста дискретті хабар желілерін, хабарды тарату қағидасын қарастырдым. ДХТ жүйесінің құрылымдық сұлбасы. дискретті арна (ДА), мәліметтерді тарату (МТ) арнасы, тракт (ТТ), түйіндесу тізбектерін құрылымымен таныстым.
1. «Ақпарат», «дискретті хабар» түсініктерін анықтау. Өлшем бірліктері. Дискретті хабарда (ДХ) болатын ақпараттың саны.
Ақпарат, хабар, сигналдар. «Ақпарат» термині алушыға келіп түсетін әртүрлі мәліметтер деп түсініледі. Ғылым академиясы келесі анықтамаларды ұсынады, яғни ақпарат дегеніміз - бұл тарату, үлестіру, түрлендіру, сақтау немесе тікелей пайдалану объектісі болып табылатын мәліметтер. Бұл дегеніміз, өлшеу нәтижелері жөніндегі мәліметтер, қандай да бар объектіні бақылау және т.с.с болуы мүмкін. Бұдан былай бізді тек тарату объектісі ретіндегі ақпаратпен байланысты сұрақтар ғана қызықтыратын болады.
Хабар ақпаратты ұсыну түрі болып табылады. Бір және сол мәлімет әртүрлі қалыпта ұсынылуы мүмкін. Мысалы, сіздің досыңыздың келген уақыты жөніндегі мәлімет телефон бойынша немесе телеграмма түрінде берілуі мүмкін. Бірінші жағдайда, үзіліссіз түрдегі (үзіліссіз хабар) ұсынылатын ақпарат деп есептеледі. Бұл хабар қандай да бір қоректендіру көзінен өндіріледі деп санасақ, біздің жағдайымызда үзіліссіз хабарлар көзі деп есептелінген. Екінші жағдайда, ақпарат дискретті түрде (дискреттік хабар) ұсынылған. Бұл хабар дискреттік хабарлар көзінен өндіріледі.
...