Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылу-масса алмасу үрдістерін жүргiзуге арналfан жабдыктар

Автор:   •  Апрель 7, 2021  •  Реферат  •  427 Слов (2 Страниц)  •  645 Просмотры

Страница 1 из 2

11-зертханалық жұмыс

ЖЫЛУ-МАССА АЛМАСУ ҮРДІСТЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР

Жылу алмасу үрдістері – бұл жылырақ денелерден (немесе дене бөлігінен) жылуы аз денелерге өздігінен болатын қайтарымсыз жылу берілу үрдістері. Жылулық өңдеу объектілері күйінің өзгеру сипатына байланысты жылу алмасу үрдістерінің келесі түрлерін ажыратады: жылыту және суыту, булану және буландыру, сублимация және конденсация, мұздату және еріту.

Масса алмасу үрдістері фазалар байланысы беттері арқылы көп компонентті жүйелер фазаларының арасында бөлек компоненттермен іріктеулі алмасуға негізделген. Таратылушы компоненттің байланыс беті арқылы басқа фазаға ауысуы молекулярлық, конвективтік және турбуленттік тасымалдау заңдарымен анықталады. Масса алмасу үрдістеріне: экстракция, кристаллизация, абсорбция, адсорбция және басқалары жатады.

Жылу-масса алмасу үрдістері – бұл капиллярлы-кеуек денелердегі жылу және масса алмасудың қосарланған үрдістері. Олар таратылушы компоненттің физиалық күінің өзгеруімен жүреді және фазалық ауысу жылуының едәуір көлемінің  шығыны және шығарылуымен сүйемелденеді. Жылу-масса алмасу үрдістеріне: кептіру, қайнату, ректфикация, қуыру, пісіру, термопластикалық экструзия және т.б. жатады.

Олардың нәтижесі жылудың кеңістікте (жылу энергиясы) немесе заттардың бөлек компоненттердің қоспасында орын ауыстыруы  болып табылады. Бұл процестер жылытқыштарда, суыттқыштарда, пісіргіштерде, айдатқыш құрылғыларда, буландыру құралдарында, кептіргіштерде, конденсаторларда, кристализаторларда, еріткіштерде, экстракторларда және т.б. жүзеге асады.

Спирттік өндірісте қолданылатын ашымақ-ректификациялық қондырғыларашымақты, эпюрациялық және ректификациялық бағаналармен жасақталған. Ректификациялық қондырғылар келесі топтарға бөлінуі мүмкін:

Ашымақ-айдаушы қондырғылар (ашымақтан аршылмаған спирт алуға арналған) екі типті болады:

-флегма спирттен ашытқымен бірге бағананың төменгі жағында (ашымақты бағанада)  босайтын (қайнайтын) бір бағаналы қондырғылар;

- флегма ашымақтан бөлек лютерлік бағанада қайнатылатын екі бағаналы қондырғылар;

Периодты және үзіліссіз әрекетті ректификациялық қондырғылар (аршылған спирттен ректификат спиртін алуға арналған);

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (76.3 Kb)   docx (8.4 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club