Delphi 7 бағдарламалық қамсыздандыруы
Автор: Asselyag • Ноябрь 28, 2018 • Курсовая работа • 2,640 Слов (11 Страниц) • 924 Просмотры
Кіріспе
ХХІ ғасыр ғылым мен техника ғасыры екені анық. Уақытпен таласып компьютерлік техникада дамып келеді. Компьютерлердің жүздеген, ал компьютерге қажетті перифериялық құрылғылардың мыңдаған түрлері қазіргі кездің өзінде дүкен сөрелерінде толып тұр. Осы жағдайға байланысты барлық ақпараттарды сақтайтын және қолданушыға көмек көрсететін ақпараттық жүйелер сан алуан. Ақпараттық жүйе қолданушыны ақпараттандыру міндетін ғана алып қоймай, сонымен қатар жаңадан пайда болған техника түрін деректер қорына қосып отырып, үздіксіз ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Көптеген жылдар бойы алгоритмге деген қызығушылық өсу үстінде. Ол ғылыми зертеулерде, техникада, эконмикада және т.с.с. көптеген салаларда есептеуіш машиналарда қолданумен байланысты. Бұл есептеуіш машиналары берілген алгоритмдерге сәйкес оның кейбір өлшемдерінің құрылымен дәл орындайды.
Бұл мүмкіндіктің тартымды болу себебі, айтып кеткен зертеулер көлеміндегі зерттелінетін процестер көп жағдайда математикалық функция, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер көмегімен сипатталады және осы зерттелінетін процестердің нақты мәліметтерін алу үшін математикалық объектіде кейбір іс - әрекеттер жасау қажет.
Адамға тек, керекті түрлендірулер мен есептеулердің алгоритмдерін сипаттаса болғаны, қалғанын есептеуіш машинасы өзі орындайды. Есептеуіш машиналары тек сандық алгоритмдерді орындайды деп ойламау керек. Сонымен қатар бұл машиналар алгебралық формулалар, текстер және т.б. символдарының нәтижелерін түрлендіре алады.
Алгоритмнің жазу ережесін есептеуіш машинада орындау өте қатал болып табылады – автомат адам үшін ештеңе алдын ала ойлай алмайды. Алгоритмнің ереже түріндегі жиынтығы бағдарламамалау тілі деп аталады. Ал бағдарламамалаудың кейбір тілінде жазылған әрбір алгоритм бағдарламама деп аталады.
Зерттелінетін процестің немесе объектіні ақпараттық моделіне сәйкес құрылған және ақпаратты электронды есептеуіш машинада өңдеу алгоритмін жазу үшін арнаулы бағдарламамалау жүйелері қолданылады.
Алгоритм - орындаушыға қойылған тапсырманы шешу үшін берілген ережелер тізбегі (ағылшын тілінен аударғанда Algorythm). Алгоритм негізінд ІХғасырдағы шығыстың ұлы математигі Әл-Хорезмидің есімі жатыр.
Алгоритмнің негізгі қасиеттеріне тоқталайық:
Алгоритмнің дискреттілігі. Бұл қасиет алгоритм түрінде жазылған есеп шешімі жеке жәй командаларға бөлініп орындалу ретіне қарай орналасқанын көрсетеді.
- Қойылымдық бөлім
- Delphi 7 бағдарламалық қамсыздандыруы
Бағдарламаны құруда Borland компаниясының Delphi 7 бағдарламалық қамтамасыздандыруын қолдандым. Сонымен қатар Microsoft Corporation фирмасының MS Access МҚБЖ деректер қорын құру үшін қолдандым.
Delphi бағдарламалау тілі кез - келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphі - Делфилік оракул өмір сүрген грек қаласы. Осы атаумен керемет мүмкіндіктерге ие бағдарламалауға арналған керемет ортасы бар бағдарламалық өнім аталды. Delphi - дің бірінші нұсқасы 1994 жылы Borland фирмасымен жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7 - нұсқалары жарық көрді. 5,6,7 - нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows 32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Delphi 7 - де интернет үшін қосымшалары дайындау мүмкіндігі ары қарай кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуде өзгешеліктер енгізілген, кейінгі кездерде Delphi бағдарламалық қамтамасыздандыруды өндіруді Embarcadero technological фирмасы өз қолына алып, бұл бағдарламаға жаңа дем берді .
Delphi - дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша арнайы іс - әрекеттерді орындайтын жинақталады. Ол жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама құрылады. Компоненттер визуалды компоненттер кітапханасында (VSL - Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер түрлі кластарға тиісті стандартты компоненттер өте көп. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады. Delphi –де бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу т.б. іс - әрекетерді орындауға болады. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ мұнда бағдарламалауды үйрену үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып, компоненттерді пайдалану және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
...