Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Компьютерлік графика және дизайн

Автор:   •  Октябрь 5, 2020  •  Методичка  •  1,853 Слов (8 Страниц)  •  619 Просмотры

Страница 1 из 8

Мақтарал аудандық білім бөліміне қарасты

«Түркістан» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

      Бекітемін:

«___»____________2011ж.

Мектеп директоры:

____________О.Қалмұрзаев

«Компьютерлік графика және дизайн»

атты информатика пәнінен

таңдау курсы бойынша  

авторлық бағдарлама

10 сынып

Бағдарлама авторы:

/информатика пән мұғалімі/

2014 жыл


Титул парағы.

  1. Бағдарламаны жасақтаған білім мекемесі:

Мақтарал аудандық білім бөліміне қарасты «Түркістан» ЖОМ атындағы жалпы орта мектеп.

  1. Бағдарламаны бекіткен мекеме:

«Түркістан» ЖОм

  1. Қурстың атауы:

«Компьютерлік графика және дизайн»

  1. Бағдарлама қай сыныпқа арналған:

10 сынып

  1. Бағдарлама авторы:

.

  1. Мекен жайы (елді мекен):

Түсінік хат

Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 24.09.2002ж №623-ші бұйрығымен бекітілген) мектептің жоғарғы басқышында оқытудың бағыттарына сәйкес курстың оқу бағдарламасы «Қазақстан Республикасының 2006 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелерінің» талаптарына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» және «2005-2010 жылдардағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту тұжырымдамасы» негізінде дайындалды.

Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу және редакторлеу әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі мамандықтағы адамдар компьютерлік графиканы өз саласында сәйкесінше қолданады. Олар - әр түрлі қолданбалы және түрлі ғылыми аймақтағы ізденушілер, суретшілер, құрастырушылар, компьютерлік беттеуші (верстка) мамандары, дизайнерлер, жарнама өнімлерін жасақтаушылар, Web беттерін құраушылар, мультимедия-презентация авторлары, медицина мамандары, мата өнімдері модельерлері, фотографтар, сәулетшілер, теле және бейнемонтаж мамандары және т.б. Компьютер экранындағы кескіндерді графикалық программалары арқылы  құрылады және растрлық, векторлық редакторлар арқылы өңделеді. «Компьютерлік графика және дизайн» курсында иллюстрациялар құру және кескіндерді өңдеуге яғни векторлық және растрлық бағдарламаларға басты назар аударылады.

Оқушылардың шығармашылық мәселелері жеке тұлға психологиясындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылар шығармашылығының байқалуы ұсынылған ойлау тапсырмаларын орындау сипаты арқылы анықталады. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің төмендегідей компоненттерін ерекшелеуге болады:

  • ішкі мотивациясының басымдылық ролі;
  • мәселені қою мен оны шешуде байқалатын зерттеу және шығармашылық белсенділік;
  • шешімді болжай білу мүмкіндігі;
  • жоғары талғамдық өнегелі интеллектуалды бағалауды қамтамасыз ететін, идеалды эталондар құру қабілеті.

Ұсынылып отырған таңдау курсында оқушылардың шығармашылығын дамыту, олардың танымдық іс-әрекетін ерекше жолмен ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Курс бағдарламасы оқушылардың зерттеу және шығармашылық ақуалын оятуға мүмкіндік беретін іс-әрекет түрлерін меңгеруге қажетті жағдайлар құруға негізделеді. Бүгінгі таңда Photoshop программасы компьютерлік дизайн курсын жүзеге асырудағы қуатты программалардың бірі болып табылады. Бұл курс мазмұны, оқушылардың қызығушылығын арттыру және келешекте кәсіптік мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал ету үшін құрастырылған. Бағдарлама осы аталған программаларды меңгеруге қажетті материалдар мазмұнынан тұрады. Курс аптасына 11 сыныпқа 1 сағаттан барлығы 34 сағатқа есептелген.

...

Скачать:   txt (32.1 Kb)   pdf (181.6 Kb)   docx (28.6 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club