Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Delphi бағдарлмалық ортасын іске қосу

Автор:   •  Апрель 23, 2018  •  Курсовая работа  •  5,261 Слов (22 Страниц)  •  1,032 Просмотры

Страница 1 из 22

КІРІСПЕ

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.

Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.

Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :

  • қайшылықсыз
  • артықсыз
  • тұтас

болуы керек.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық  болып табылады.

DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық  деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен  жұмыс істей алатын қолданба құруға  мүмкіндік береді .

        Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.

Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады.

  1. Бөлім. Delphi бағдарламалау ортасы

Delphi бағдарламалау ортасы бағдарламашы жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін күрделі механизм. Визуалды түрде ол экранда бір уақытта бірнеше ашылып тұрған терезелермен қамтамасыз етіледі. Delphi бағдарламалау ортасының терезелері жылжып, жартылай немесе түгелдей бірінің үстіне бірі шығып тұруы мүмкін.

Delphi- Турбо Паскаль тілінің дамуының нәтижесі, ал Турбо Паскаль тілі Паскаль тілінен дамыған. Паскаль тілі процедуралық тіл болған, Турбо Паскаль тіліне 5.5 нұсқасынан бастап объектіге бағытталған бағдарламалау қасиеттері ендіріле бастады. Ал Delphi – объектіге бағытталған бағдарламалау тілі болып табылады.

Delphi бағдарламалау ортасы былай іске қосылады: Windows операциялық жүйесінің мәзірінен Borland Delphi 7 жолынан Delphi 7 жолын таңдалады

[pic 1]
1.1-сурет
. Delphi бағдарлмалық ортасын іске қосу

Delphi іске қосылып болған соң, экранның түрі шамалы өзгеше болады Экранда 1 терезенің орнына 5 терезе шығады:

  • Негізгі терезе  - Delphi 7;
  • Бастапқы форманың терезесі - Form 1;
  • Объектілердің қасиеттерін редакциялау терезесі - Object Inspector;
  • Объектілердің тізімін көру терезесі — Object TreeView;
  • Бағдарлама кодын редакциялау терезесі — Unitl.pas.

Бағдарлама кодын редакциялау терезесін негізгі терезе толығымен жауып тұрады.

[pic 2]

1.2-сурет. Delphi іске қосылғаннан кейін экранның түрі

Негізгі терезеде (Сурет 3) командалар мәзірі, саймандар панелі және компоненттер палитрасы орналасады.

Негізгі форманың терезесі (Forml) жаңадан құрылып жатқан қолданбаның пішіні болып табылады.

Бағдарламалық қамтамалар жүйелік және қолданбалы болып бөлінеді. Жүйелік бағдарламалық қамтамалар – операциялық жүйені құрайтын барлық бағдарламалар. Қалған бағдарламалар қолданбалы деп есептелінеді. Қысқаша түрде қолданбалы бағдарламаларды қолданбалар деп атайды.

[pic 3]

1.3-сурет. Негізгі терезе

Object Inspector терезесі (Сурет 4) объект қасиеттерін редакциялауға қажет. Визуалды бағдарламалау терминологиясында объекттер – диалогтық терезелер мен басқару элементтері (ендіру және шығару өрістері, командалық батырмалар және т.б.). Объект қасиеттері – объекттің түрін, орналасуын және әрекеттерін сипаттайды. Мысалы, width және Height қасиеттері форманың өлшемдерін берсе (ені мен бойы), tор және Left қасиеттері форманың экрандағы орналасуын, ал caption қасиеті – тақырып текстін береді.

...

Скачать:   txt (67.7 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (334.2 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club