Қанайналымының жедел бұзылуы кезінде қолданылатын реанимция мен қарқынды емнің тәсілдері
Автор: altynkhan2004 • Февраль 2, 2023 • Реферат • 4,799 Слов (20 Страниц) • 240 Просмотры
Кіріспе
Реаниматология-ағзаның(организмнің)қайта тірілуі туралы ғылым(латынның «re»-қайтадан, «animare» -тірілту деген сөздерінен шыққан.Ол өзіне тән зерттеу бағыты мен міндеті,мақсаты бар жеке ғылыми сала болып саналады.Академик В.А. Ногевский 1977 реаниматологияны алдымен жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылы туралы және оны қалпына келтіру қызметін,өліп қайта тірілгендігі метаболизмнің өзгеру ерекшеліктерін,сонымен қатар реанимациядан кейінгі ми патологиясының мәселелерін зерттейтін пән екендігін атап қөрсеткен. Реаниматология тіршіліктің өлімге ауысу кезеңінің биологиялық маңызын зерттейді,сонымен қатар ағзаның өлуі мен тірілі проблемаларының эволюциялық аспектілері де реаниматология үшін қажетті болып табылады. Реаниматологияның негізгі міндеттемесі-ол терминальды жағдайдың алдын-алу және емдеу,осымен бірге өлу мен тірілу процесінде кездесетін ағзаның бұзылыстарын жою болып табылады.Егер реанимотологияның даму тарихына көз жүгіртсек,ең қарапайым әдіс ол зақымдалушының аузын ашып үрлеудің болғанын аңыздардан кездестіруге болады. Ең бірінші трахеостомия II ғасырға тән.Өкпені жасанды түрде дем алдыру тәсілін,ауаныөкпеге түтік арқылы ауа қапшығымен беруді Андреас Везалий ұсынған болатын.Құсты тірілту әдісін ең бірінші жүзеге асырған Вильям Гарвей.Ол жүректі сырттай уқалау тәсілін қолданған.Реаниматологияның бұдан әрі дамуы үшін оқшауланған мүшелердің,оның ішінді, әсіресе жүрек пен ми қызметін қалыптастыруға байланысты зерттеу аса маңызды болды.Бұл бағытты И.П.Павлов аса қарқынды жұмыс атқарды.Реаниматологияның отаны деп заңды түрде Ресейді айтуға болады,себебі бұл пәннің ғылыми негізі осы елде салынды.Орыстың реаниматология мектебінің негізін қалаушы В.А Неговский көрсеткеніндей реаниматология мен реанимацияны шатастыруға болмайды. Реанимация дегеніміз-арнайы әдістердің көмегімен ағзалардың өмірге қажетті қызметтерінің бұзылуы және уақытша өзгеріске ұшыраған ағзаның орнын толтыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру жүйесі,соның ішінде өкпені жасанды дем алдыру ,жүректі уқалау және электрлік дефибрилляция жасау. Реаниматология дегеніміз-бұл теориялық ұғым,ғылыми пән,жинақтап қорытылған еңбектер мен шығармаларды пайдалана отырып жасалған тәсілдер,әртүрлі реанимациялық жағдайларда тәжірибелерде қолданылады.Осыған орай қазіргі реаниматологтарға қойылатын талап реанимация неіздерін білу. В.А. Неговский терминальды жағдайды бірнеше сатыға бөледі:өлім алдындағы жанталас(преагония,агония) пен клиникалық өлім.Өлім алдындағы жанталас –яғни, өлімнің алғашқы сатысы,бұд қан қозғалысының бұзылыстарымен байқалатын өзгеріс,шеткері пульстің сиреуі,тыныс алудың бұзылуы,содан кейін естің біртіндеп жоғалуы жәнедіңгектік рефлекстерінің жойылуы.Бұл өзгерістер мидың гипоксиясы дамығаннан кейін тез арада өршиді.Осы саты әдеттегідей терминальды кідіріспен аяқталады.Бұл кезде тыныс алудың бірден тежелуі немесе тоқтауы және артериялық қысымның төмендеуі,шеткі тамырларда пульстің жоғарылауы немесе тек ұйқы және сан сала тамырларында ғана сақталуы,тері қабаттарының көгере бозаруы байқалады.Терминалды кідірістің ұзақтығы 2-4 минуттан аспайды. Жанталас сатысы агония ағзаның соңғы қимылдар жарысы,күресімен сипатталады,яғни барлық тыныс бұлшықеттерінің қатысуымен дірілдеп терең тыныс алуы АҚҚ 15-20мм.сын.бағ көтерілуімен көрінеді:бұл кезде ми қыртысының қызметі тоқталады,физиологиялық процесстердің реттелуі бульбарлы және жұлын орталықтпрына ауысады,яғни ең төменгі жәрежеге өтеді де барлық күшін ағзаның өмірін сақтап қалуы үшін жұмсайды.Бірақ,жанталас жағдайы өте қысқы өтеді. Клиникалық өлім дегеніміз-өмір арасындағы өтпелі кезең,бұл жағдайды өмір деп айтуға болмайды,сондай-ақ өлім болып та саналмайды. Клиникалаық өлім-тыныс алудың,қан айналымының,орталық жүйке жүйесінің қызметтерінің толық тоқтауымен сипатталады.Бұл кезеңнің ұзақтығы 4-6 минуттан аспайды,осы уақыт арасында ағзаның тоқтап қалған қызметерін қалпына келтіруге болады.
...