Мүғалімнің сегіз қыры
Автор: JakowJakow01 • Март 27, 2021 • Эссе • 369 Слов (2 Страниц) • 292 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Сыныпқа мінездеме
Орындаған:
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім беру»
Біліктілігі: 0111063 «Математика мұғалімі»
3 УМ-1 тобының білім алушысы
Рахымбекова Жадыра
Мұғалімнің қолы_______________
Әдіскердің қолы_______________
Эссе.
Мүғалімнің сегіз қыры...
Мен, Рахымбекова Жадыра Отанқызы өткен аптада біз Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп базасында таңдау пәні бойынша 2-практикадан өтуді бастадым. Маған 6 «А», 7 «Б», 9«А»сыныбы берілді. Ең бірінші күні жалпы мектеп регламентімен таныстық. Яғни бұның ішіне күнтүзбелік жоспар қыстартылған сабақ жоспарлары, бекітілген сыныптың сабақ кестесңмен таныстық. Келесы күннен бастап, қысқа мерзімді жоспарлар, бейне сабақ әзірлей бастадық. Осы кезде қиындықтар туындады.ҚМЖ жасауда бірнше қателіктер жіберіп, мұғалімнің нұсқауымен түзедік. Нақтырақ тоқтала кетсем, тапсырма дискрипторлары, жиынтық бағалау.
Келесі бұл тақырып бойынша бейнесабақ жасау, мұнда бір қарағанда жеңіл болғанымен, бірінші видео материалға слайдтар дайындалып, содан кейін аудиожазба жасалады. Осылайша бейнесабақ дайындалады.
Ары қарай сыныппен сабақ жүргізе басадық. 06 желтоқсан күні алғаш рет сабақ беріп көрдім. Сынып жетекшісімен ақылдасып, сабақты қалай бастау керек, қандай сұрақ қою керек барлығын сұрап алдым. Осылайша педагог жолым басталды. Шынымды айтсам, алғашында алаңдадым сабағым жүрмесе деген жаман ойлар биледі. Бірақ қолымнан келді. Ең бастысы тияқтылық, ойдың жинақы болуы, шапшаң әрекет жасау керек екен. Тағы бір басты ескеретін жайт ол кері байланыс әрдайым әр есептен кейін, әр тапсырмадан баламен кері байланыс жасау.Ол тапсырманы түсіндіме, түсінбесе бірден төмен бағаламай, ойлануға мұрсат беріп, тығыз жұмыс жасау. Күнделікті оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп отырдым.
...