Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мультисервистік абоненттік қатынас желісі

Автор:   •  Март 23, 2026  •  Курсовая работа  •  2,718 Слов (11 Страниц)  •  6 Просмотры

Страница 1 из 11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

«ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Коммуникация және ғарыштық инженерия институты

«Телекоммуникациялық инженерия» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Мультисервистік абоненттік қатынас желісі»

Білім беру бағдарламасы: 6B06201 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Орындаған: Әбілдажан Фатима                                           Тобы: РЭТ(ИТК)к-21-4а

Нұсқа: 13

Тексерген: доцент Мухамеджанова А. Д.

                                                        «         »                   2024ж.

                          (бағасы)               (қолы)                                    

Алматы, 2024

Кіріспе

Бұл әдістемелік нұсқау «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының барлық түрлерінде «Абоненттік қатынаудың мультисервистік желілері» пәнін оқитын 4 курс студенттеріне жәрдем беру үшін құрастырылған.

Негізгі нұсқаулар және нұсқаларды таңдау

Әдістемелік нұсқауда жұмысты орындау реттілігі және тапсырмаларға берілген. Түсіндірмелік жазба, ақ қағаздың (сызықсыз) әр парағының бір жағында жазылады.

Курстық жұмыс қалалық телефон желісіндегі АҚМЖ жасау сұрақтарына арналған. Студенттер шкафтар ауданының сыйымдылығын, бөлгіш шкаф сыйымдылығын, абоненттердің түрі мен категориясын дербес таңдап алуы керек және нұсқасына сәйкес барлық есептерді орындаулары керек.

Курстық жұмыста қабылданған шешімдерге сәйкес қажетті түсіндірмелер жүргізіледі: орындалған есептер, функциялық сызбалар, кестелер мен графиктер. Жобада оқулықтар мен оқу құралдарында келтірілген материалдарды қосудың қажеті жоқ.

Әр студент курстық жұмыстың бір нұсқасын орындайды, нұсқаның нөмірі студенттік билеттің соңғы екі санымен және студенттің фамилиясының бірінші әрпімен анықталады. 1.1-кестеде орналасқан берілген мәліметтерді студенттің билетінің соңғы саны арқылы таңдап алады, ал 1.2-кестеде билеттің соңғы санының алдындағы сан арқылы таңдайды, ал 1.3-кестедегі мәліметтер студенттің фамилиясының бірінші әрпі арқылы анықталады.

Қорғауға жіберілген курстық жұмыс кафедраның екі оқытушысынан тұратын комиссияның алдында қорғалады.

1 Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасының мазмұны

Түсіндірмелік жазбада міндетті түрде: курстық жұмыстың мақсатын негіздеу, берілген мәліметтерге сәйкес есептеулер жүргізу және аяғында жасалған жұмыстарға қорытынды жасау қажет.

Қалалық телефон желісі NGN (Next Generation Networks) технологиясы арқылы іске асырылады.

ҚТЖ бір телефон ауданында АТСК типті аналогті автоматты телефон стансасын алып тастау керек және оның барлық абоненттерін және аудан бөлігінің телефония қызметіне қосылмаған тұрғындарын оптикалық қатынау жүйелері арқылы NGN желісінің қатынас шлюзына қосу керек.

Қатынас шлюзі (Access Gateway - AGW) - V5 интерфейсі арқылы қосылатын қатынас желісінің жабдығы үшін көліктік және сигналдық шлюздердің функцияларын іске асырады.

а) АТСК-ның барлық абоненттері – аналогті;

б) аналогті АТС абоненттерін санамағанда, ADSL абоненттері барлық телефон пайдаланушыларының ішінде 1-ден 15%-ға дейін құрайды;

в) телефон қызметіне қосылатын абоненттер аналогтік және ADSL абоненттері болып екіге бөлінеді;

г) ADSL абоненттерінен басқа абоненттерде ДК жоқ;

д) Барлық абоненттер пәтерлік секторға жатады.

2 Аналогтік АТС абоненттері таратқыш шкафтарға қоладыныстағы абоненттік желі арқылы, ал телефония қызметіне қосылатын абоненттер таратқыш шкафтарға жаңа абоненттік желі арқылы қосылады.

3 Әрбір шкафтық ауданда абоненттер санын анықтау. Таратқыш шкафтың (ТШ) түрін таңдап алу.

4 1 пунктті ескеріп, әрбір шкафтық ауданда ТШ абоненттердің түрін және категориясын таңдау.

5 Барлық таратқыш шкафтарды қатынау жүйелерінің қашықтатылған блоктарына қосу.

6 Қашықтағы блоктарды және орталық қатынау жүйелерін блоктарын сақина топологиясына бойынша талшықты-оптикалық кабельмен жалғастыру.

...

Скачать:   txt (40.7 Kb)   pdf (585 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club