Заманауи технологиялар
Автор: Maratova5 • Октябрь 19, 2022 • Доклад • 291 Слов (2 Страниц) • 296 Просмотры
Баяндама
Заманауи технологиялар
XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Ақпараттық технология — ақпараттарды жинау, сақтау жəне өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген əдістер — технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Заманауи технологиялар кез-келген салада өзінің пайдасын тигізуде . Сондай-ақ медицина саласында заманауи технологиялардың маңызы ерекше. «Еліміздің өңірлерінде жаңа инновациялық технологиялар қолданысқа енгізілуде: заманауи 400 медициналық жобаның 123-і бүгінде облыстарда іске асырылуда.Медицинадағы заманауи технологиялар ең соңғы медициналық құрал-жабдықтар ғана емес, сонымен қатар барлық жұмыс процестерін автоматтандыратын салалық бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы технологиялар ең күрделі операцияларды, тексерулерді жүргізуге, зертханалық зерттеулерді өңдеуді жылдамдатуға, науқастарды қашықтықтан кеңесуге және тексеруге және т.б. мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда адамға өзінің ішкі және ішінара физикалық мүмкіндіктерін барынша арттыруға, сыртқы көмекке тәуелділікті азайтуға көмектесетін әзірлемелер мен технологияларды қолдану тәжірибесі мен көп жылдық тәжірибесі бар.
...