Синтездеу және түзетумен басқару жүйесін зерттеу
Автор: MASTERTOP1 MASTERTOP1 • Ноябрь 8, 2022 • Контрольная работа • 1,063 Слов (5 Страниц) • 260 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс» университеті
«Электр энергетика және электр техника» институты
«Электр машиналары және энергияның жаңғыртылатын көздері» кафедрасы
«АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ» пәні бойынша
№ 3 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Синтездеу және түзетумен басқару жүйесін зерттеу
Мамандығы: 6B07101 - «Электр энергетикасы»
Орындаған: Алқабекұлы Әмір 3 нұсқа
Тобы: ЭЭк21-4
Қабылдаған: Даримбаева Н.И.
_______ ___________ «____»_____________2022ж
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2022
3 Зертханалық жұмыс №3. Синтездеу және түзетумен басқару жүйесін зерттеу
Жұмыстың мақсаты: теориялық нәтижелердің және түзетудің тиімділігін моделде (ЭЕМ) тәжіриб жүзінде тексеру.
3.1 Қысқаша теориялық кіріспе
Түзетуші құрылғы деп параметрлерінің сипаттамалары оңай өзгертілетін автоматты реттеу жүйелерінің құрамына енгізілетін, оларға қажетті динамикалық қасиеттерді беретін автоматты реттеу жүйелерінің тұрақтылығын сақтау және өтпелі процестің сапалық көрсеткіштерін жақсартатын құрылғыларды айтамыз. Түзетуші құрылғылар автоматты реттеу жүйесіне қосылу тәсілдері бойынша параллельді және тізбекті болып бөлінеді. Параллель түзетуші құрылғы деп автоматты реттеу жүйесінің бір немесе бірнеше буындары параллель қосылатын түзету құрылғыларын атаймыз. Бұл құрылғылар өзінше жергілікті кері байланысты береді. Тізбектелген түзетуші құрылғы деп реттеуіш жүйесінің негізгі контурына жүйенің басқа да буындарын тізбектей қосатын түзетуші қондырғыны айтады. 3.1 суретте түзетуші буын болмаған жағдайдағы тізбектей қосылған жүйенің құрылымдық сұлбасы бейнеленген. Тұйықталған кездегі түзетілмеген жүйенің беріліс функциясы:
Логарифмді амплитуда жиіліктік сипаттама әдісінің көмегімен берілген АРЖ-нің (А қосымша) түзетуші буынының синтезі орындалады. Алынған буынның беріліс функциясы 3.2 суреттегі қадағалаушы жүйенің құрамына енгізілген және Matlab Simulink элементтерімен көрсетілген.
3.2 Жұмыстың бағдарламасы 3.2.1 Қадағалаушы жүйенің құрылымдық сұлбасы үшін (3.1 сурет) Matlab Simulink бағдарламасы арқылы және оның элементтерін қолданып құрылымдық сұлбаны жинау қажет. Кірістегі кернеуі UБ = 10 В кезінде өтпелі процесті алып, нәтижелерін сақта. 3.2.2 Түзетуші қондырғысын құрылымдық сұлбаға енгізе отырып, түзетуші жүйе моделінің сұлбасын жинау қажет. Кірістегі кернеуі UБ = 10 В кезінде өтпелі процесті алып, нәтижелерін сақта. 3.2.3 Нәтижесінде сапалы көрсеткіштерді салыстыру керек. Қорытынды жаса
мұндағы уақыт тұрақтысы мен беріліс коэффициентінің мәндері: Т1 = 1.5с; Т2 = 0,2с; Кp = 8.
Түзетілмеген қадағалаушы жүйенің құрылымдық сұлбасы
Логарифмді амплитуда жиіліктік сипаттама әдісінің көмегімен берілген АРЖ-нің (А қосымша) түзетуші буынының синтезі орындалады. Алынған буынның беріліс функциясы 3.2 суреттегі қадағалаушы жүйенің құрамына енгізілген және Matlab Simulink элементтерімен көрсетілген
Түзетуші құрылғыдан
...