Информатика
Автор: Zhan04 • Сентябрь 16, 2021 • Практическая работа • 916 Слов (4 Страниц) • 214 Просмотры
[pic 1]
«№ 51 Гимназия»
Математика-Информатика мамандығының 2 курс
Студенттерінің практикасы
Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара
«ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР»
5Д сынып оқушыларына арналған ойын
[pic 2]
Дайындаған: Студент практиканттар
Қаңтар, 2021 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Информатика»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
І. “Білімді мыңды жығады...” (Әр топқа 8 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).
ІІ. “Өзге тілдің бәрін біл...” (Сиқырлы ұяшық түрінде өтеді, 6 ұяшық болады. Әр ұяшықта сұрақ болады. Сол сұрақтың жауабын тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан топқа 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).
ІІІ. “Тапқыр болсаң тауып көр...” (Белгілі бір сұрақтар қойылады. Және бұл кезең жылдамдыққа байланысты, дұрыс жауабын тапқанға 1 ұпай).
ІV. Әр оқушы өз ойын немесе алған әсерін ru.padlet.com онлайн тақта сайтында жазады.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР» атты ойынымызға қатысушы оқушыларды көрейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Білімді мыңды жығады...» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл кезеңде оқушылар топқа бөлінеді. Топтарға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
I топ.
- Аты бар байттар тізбегі? (Файл)
- Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
- Информатиканың негізгі ұғымы (Ақпарат)
- Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
- Дүниежүзілік желі? (интернет)
- Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
- Зиянкес программа? (вирус)
- Келесі жолға өту пернесі (enter)
II топ.
- Телефонды қай жылы ойлап тапты? (1876)
- Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
- Телефонды ойлап тапқан адам (Александр Белл)
- Латынның “information”сөзі нені білдіреді? (ақпарат)
- Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (60-70см)
- Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ? (терезе)
- Радионы алғаш ойлап тапқан км?(А.С.Попов)
- Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне? (BackSpace)
Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
3 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе
...