Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жарықдиоды

Автор:   •  Июль 24, 2021  •  Лабораторная работа  •  376 Слов (2 Страниц)  •  279 Просмотры

Страница 1 из 2

Жарықдиоды

Зертханалық жұмыстың мақсаты: Жарықдиодын басқаруды үйрену

Қажетті компоненттер:

  • Arduino UNO R3 контроллері;
  • макеттік тақта;
  • жарықдиоды
  • резистор 220 Ом;
  • сымдар.

Жарықдиоды - бұл электр тогын тікелей жарық сәулесіне айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Ағылшын тілінде жарықдиоды light emitting diode немесе LED деп аталады. Жарықдиодтарының түс сипаттамалары онда қолданылатын жартылай өткізгіштің химиялық құрамына байланысты. Жарықдиоды механикалық берік және өте сенімді, оның қызмет ету мерзімі 100 мың сағатқа жетуі мүмкін, бұл қыздыру шамынан 100 есе көп және флуоресцентті шамнан 5-10 есе көп. Жарықдиоды – аз вольтті электр құрылғысы, сол себепті қауіпсіз болып табылады. Жарықдиодтары поляризацияланған болғандықтан, олардың қай бағытта қосылуы маңызды. Жарықдиодының оң шығаруы (ұзынырақ) анод деп аталады, ал теріс шығаруы катод деп аталады. Барлық диодтар сияқты, жарықдиодтары токтың тек бір бағытта – анодтан катодқа ағуына мүмкіндік береді. Ток оңнан теріс ағымға ауысатындықтан, жарықдиод аноды 5В сандық сигналға қосылуы керек, ал катод жерге қосылуы керек. Бұл зертханалық жұмыста жарықдиодты D10 Arduino сандық контактісіне резистормен қосамыз. Жарықдиодтары әрдайым ток шектегіші ретінде әрекет ететін резистормен қатар қосылуы керек. Резистордың мәні неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол токты шектейді. Зертханалық жұмыста біз номиналы 220 Ом резисторды қолданамыз. Қосылу сызбасы сурет 1.1-де көрсетілген.

Шектеу резисторын қалай таңдауға болады және резистордың номиналды мәні жарықдиодының жарықтығына қалай әсер ететінін, 3 зертханалық жұмыста қарастырамыз.


[pic 1]

Сурет 1.1 Жарықдиодының қосылу сызбасы

 

Жарықдиоды резистормен қатар Arduino D10 сандық шығуына қосылады. Әдепкі бойынша барлық Arduino шығулары кіріс ретінде конфигурацияланған. Біз Arduino шығуын шығыс ретінде пайдаланамыз, сондықтан контроллерге тиісті команданы беру арқылы оны қайта конфигурациялау қажет.

pinMode(10,OUTPUT);

Жарықдиод жыпылықтауы үшін Arduino шығуына кезекпен белгілі бір интервалмен HIGH (жоғары немесе 1) және LOW (төмен немесе 0) сигналдарын беру керек. D10 Arduino шығуындағы сигналдың өзгеру аралығын delay() командасы арқылы орнатамыз, ол миллисекундпен (мс) берілген уақытта скетчтың орындалуын кідіртеді. Зертханалық жұмыс скетчі листинг 1.1-де берілген. 

...

Скачать:   txt (5.4 Kb)   pdf (136.8 Kb)   docx (71.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club