Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Windows-тiн командалык жол кабыкшасы

Автор:   •  Октябрь 7, 2021  •  Лабораторная работа  •  1,311 Слов (6 Страниц)  •  484 Просмотры

Страница 1 из 6

1 WINDOWS-ТІҢ КОМАНДАЛЫҚ ЖОЛ ҚАБЫҚШАСЫ

№1 Зертханалық жұмыс

1.1 Жұмыстың мақсаты

Зертханалық жұмысты орындаудың мақсаты:

  • Windows командалық жолында командалармен жұмыс жасау дағдысын алу;
  • Windows командалық жолының командаларының синтаксисін зерттеу.

1.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма

1.2.1 ATTRIB командасы туралы қысқаша анықтама ақпарат алу.

1.2.2 Алдыңғы 1.2.1 тапсырмасында алынған жауапты «фамилия-1-0.txt» атты файлға жіберіңіз (файл атында «фамилия» орнына жұмысты орындаушы студенттің фамилиясы жазылады).

1.2.3 Windows командалық жолы командасының көмегімен « фамилия-1-1.txt » файлын құрыңыз, онда тапсырма №, сынақ  кітапшасының №, топ №, студенттің аты-жөні болу керек.

1.2.4 «фамилия-1-1.txt» және «фамилия-1-0.txt» файлдарын «фамилия-1-2» файлына біріктіріңіз. Құрылған файлды флэш-дискке көшіріңіз, мүмкіндік болса басып шығарыңыз.

1.2.5 «фамилия-1-0.txt» файлын «фамилия-1-2» файлымен жолдық салыстырудың көмегімен салыстырыңыз. Салыстыру нәтижелерін «фамилия-1-3» файлына салыңыз. Жоғарыда аталған файлдарды байт бойынша  салыстырып,  нәтижелерін «фамилия-1-3» файлына жазыңыз. Егер мүмкіндік болса, файлды басып шығарыңыз, немесе оны флэш-дискке көшіріңіз.

1.2.6 attrib командасының көмегімен «только для чтения»  атрибутын «фамилия-1-3» файлына қойыңыз (команданың форматы «фамилия-1-0» файлында көрсетілген).

1.3 Теориялық мағлұматтар

Операциялық жүйе (ОЖ) мен қолданушы  арасындағы диалог команда - қолданушының командалық жолдың шақыруына жауап ретінде берген символдар жолы формасы түрінде жүргізіледі. Қолданушының әрбір командасы ОЖ әртүрлі іс-әрекеттерді орындауды керек екендігін білдіреді, мысалы файлды баспаға шығару немесе каталог мазмұнын экранға шығару.

Команда команда аты немесе шақырылған бағдарлама атынан  тұрады, мүмкін болса пробелмен бөлінген параметрлерден тұрады. Әрбір команданы енгізу Enter пернесін басумен аяқталады.

Команда немесе бағдарлама аты бас латын әріптерімен де, жол латын әріптерімен де енгізіледі (бұл маңызды емес). Параметрлерді де бас әріппен де, жол әріптермен де енгізуге болады, кей жағдайларда бұл туралы бағдарламаның немесе команданың сипаттамасында арнайы айтылады.

ОЖ қолданушымен диалог жасауға дайын болғанда экранға шақыру шығады, мысалы C:\>. Бұл ОЖ командаларды қабылдауға дайын екендігін білдіреді.

Windows ккомандалық процессоры (басқаша атауы – командалар интерпретаторы, командалық интерпретатор, командалық жол, командалық қабықша, ОЖ консолі, дисктік адрес - \Windows\System32\cmd.exe) пернетақтадан енгізілген командаларды орындауда қолданылады.

Windows ОЖ командаларының жалпы комендасының синтаксисі:

ағымдағы_каталог_аты /бөлім: > комада_аты [параметрлері] [нұсқалар],

мұнда

комада_аты – компьютер орындауы керек әрекетті көрсететін коменда атауы (негізгі сөз);

параметрлер (аргументтер, операндтар) – команда не үшін арналғаны туралы ақпаратты сақтайды. Параметр ретінде құрылғылар аттары, файлдар, файлдар атына маршруттар (жол) т.с.с. болады. Параметрлер косанда атынан кейін және одан пробел, үтір, нүктелі үтір, еңдік немесе табуляция белгілері арқылы бөлініп орналасады.

нұсқалар (кілттер) – қосымша параметрлер немесе опциялар, олардың көмегімен осы нақты жағдайда команда қалай орындалу керек екендігі көрсетіледі. Нұсқалар көлденең сызық және біо символмен көрсетіледі, мысалы, /P, /W. Дегенмен, нұсқалар командалар кез келген жерде орналасуы мүмкін, бірақ оларды ең соңынан көрсеткен жөн.

1.3.1 Командалар туралы анықтама ақпарат алу

Бағдарлама немесе омандалық жолдың командасы туралы қысқаша мағлұмат алу үшін бұл команданы (бағдарламаның атын) /? параметрімен бірге енгізсеңіз болады. Мысалы, type командасы туралы мағлұмат алу үшін type /? деп енгізу керек. Экранға мына төмендегідей мағлұмат шығады (1 сурет):

...

Скачать:   txt (19.2 Kb)   pdf (141.9 Kb)   docx (18.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club