Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

RadStudio ортасында екі өлшемді массивтерді сипаттау

Автор:   •  Март 9, 2024  •  Курсовая работа  •  2,410 Слов (10 Страниц)  •  79 Просмотры

Страница 1 из 10

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1 ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ................................................................................4

1.1 RadStudio бағдарламасының құрылымы...............................................4

1.2 RadStudio ортасында екі өлшемді массивтерді сипаттау....................6

2. ТЕСТ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ  ЖАЛПЫ ТҮСІНІК....................8

2.1 Тестілеуші программаның есепбін қою...............................................8        2.2 RadStudio ортасында тестілеу  программасын  құру.........................11

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................23

КІРІСПЕ

Аталған курстық жоба RadStudio ортасында әзірленді. Программалау технологиясы – бұл программалауды дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы және осы әдістер мен тәсілдерді қолданудың тәртібі. Программалаудың дамуының бастапқы кезеңдерінде, машина коммандаларының реттілік түрінде жазылғанда, ешқандай программалау технологиясы болмаған. Технологияны дайындаудың алғашқы қадамы программаларды операторлардың реттілігі түрінде көрсетуден тұрған. Операторлық тәсіл программа құраушы деп аталатын программаны жасауды автоматтандыру үшін алғашқы программаларды дайындауға мүмкіндік жасады.

Объектіге бағытталған тәсілді жүйелі қолдану жақсы құрылымдалынған, пайдалануда сенімді, жақсы модификацияланатын программалық жүйелерді дайындауға мүмкіндік жасады. Объектіге бағытталған тәсіл теориялық және қолданбалы программалаудың ең қарқынды дамыған бағыттарының бірі болып табылады.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Мультимедиялық тестілеуші программа қосымшасын өңдеу».

Менің «Тестілеуші программа» атты тақырыпта курстық жұмыс жазудағы мақсатым – осы тақырыпты аша отырып терең зерттеу жүргізу және өз білімімді жан-жақты толықтыру болып табылады.

Бұл тақырыптың өзектілігі – оның қазіргі таңда ОБП тіліндегі көптеп қолданылуы, яғни қазіргі кезде біздің елдің жалпы тестілеуге көшуі және де көптеген программаларды тест ретінде қолдану болып табылады.

Объектіге бағытталған тәсілді қолдану келесі күрделі проблемаларды жеңіл шешуге көмектеседі:

-программалық жабдықтаудың күрделілігін азайту;

-программалық жабдықтаудың сенімділігін арттыру;

-программалық жабдықтаудың жеке компоненттерін қайтадан                 пайдалануға мүмкіншілікті қамтамасыз ету.

Объектіге бағытталған тәсілді жүйелі қолдану жақсы құрылымдалынған, пайдалануда сенімді, жақсы модификацияланатын программалық жүйелерді дайындауға мүмкіндік жасады. Объектіге бағытталған тәсіл теориялық және қолданбалы программалаудың ең қарқынды дамыған бағыттарының бірі болып табылады.

Жұмыс мақсаты: студенттерді RadStudio ортасында кодпен бағдарламалау бойынша тестілеу үшін білімді тексеру бағдарламасын әзірлеу, деректерді енгізу және шығару үшін RadStudio компоненттерін пайдалану. RadStudio бағдарламалау бойынша студенттерді тестілеу бағдарламасын әзірлеу бойынша қойылған міндеттің алгоритмін дұрыс құру, әзірленген алгоритмді іске асыратын бағдарламаны әзірлеу және ретке келтіру болып табылады.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 RadStudio бағдарламасының құрылымы

1. Техникалық тапсырманы талдау және жобалау міндеттерін қою

Тапсырмаға сәйкес бағдарламалау бойынша студенттерді тестілеу үшін білімді тексеру бағдарламасын әзірлеу, тестілеу аяқталғаннан кейін баға шығару қажет.

Нәтижелер мен жауаптарды талдауға ыңғайлы болу үшін тестіленушінің әрбір жауабын қадағалап отыру және жауап журналын қатты дискідегі мәтіндік файлға сақтау пайдалы болады.

Осы жұмыста қолданылатын ұғымдарға анықтама береміз. Келесі ұғымдарды анықтаймыз: жол, файл, массив, жазба.

...

Скачать:   txt (34.3 Kb)   pdf (2 Mb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club