Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Cosmomed»ЖШС.Ұйымдық құрылымы

Автор:   •  Апрель 8, 2019  •  Реферат  •  4,992 Слов (20 Страниц)  •  467 Просмотры

Страница 1 из 20

                                  Мазмұны

КІРІСПЕ............................................................................................3

1«Cosmomed»ЖШС.Ұйымдық құрылымы....................................4

2«Cosmomed»ЖШСжалпы ережелері мен негізгі міндеттері..........................................................................................5

3«Cosmomed» ЖШС-нің сапа саласындағы саясаты..............................................................................................6

4 Сәйкестікті  растау  тәртібі..........................................................7

4.1 Жеке тапсырма: Бет күтіміне арналған өнім(крем)..............18

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................26

                                              Кіріспе

Біз өндірістік тәжірибеден өту мақсатымыз өзіміздің мамандығымызға сай тәжірибе жинау.Тәжірибеге келгендегі ең басты мақсатым,оқу орнындағы оқыған теориялық білімді тәжірибе жүзінде нығайту болды.Тәжірибенің мақсаты өз жұмысымызды аяқтау болып табылады. Студент үшін өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол өз мамандығына бейімделуге және өзін табуға көмектеседі. Тәжірибе студенттің біліктілігі мен қорытынды аттестациясын маман ретінде тағайындау үшін қажетті теориялық білімдер мен дағдыларды нығайтуға арналған.

Өндірістік тәжірибе ұйымдарда нақты жұмыс режимінде жүретін жоғары немесе орта арнайы оқу орындарындағы оқу процесінің практикалық бөлігі болып табылады. Тәжірибе студенттің біліктілігі мен қорытынды аттестациясын маман ретінде тағайындау үшін қажетті теориялық білімдер мен дағдыларды нығайтуға арналған. Өндірістік тәжірибе нәтижелері оқу орнында қабылданған және оқу үдерісіне сәйкес келетін нормаларға сәйкес бағаланады.

Ал,«Стандарттау метрология және сертификаттау» мамандығының студенттеріне арналған өндірістік тәжірибенің маңыздылығы орасан зор.Бұл тәжірибе студентке келесі мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектеседі:

  • Кәсіби қызметтің барысында туындайтын мәселелерді қалыптастыру және шешу,қажетті зерттеу әдістерін таңдау,алынған нәтижелерді өңдеуге;
  • Өнім сапасын зерттеуші құрал-жабдықтарды тексеруді үйрену;
  • Өнімдердің сапасын анықтау әдістерін үйрену.

Мамандыққа байланысты,өндірістік тәжірибе нысаны ретінде «Cosmomed» ЖШС аясындағы сәйкестікті растау органы таңдалды.Тәжірибе ұзақтығы-1ай.Мақсатыма сүйене отырып,келесі міндеттерді алдыма қойдым:

  •  Өндіріспен танысу, кәсіпорынның нормативтік құжаттары;
  •  Кәсiби қызметтiң нақты түрiмен танысу, оның функциялары, қызметкердiң мiндеттерi;
  •  Белгілі бір кəсіби функцияларды орындау;
  •  «Cosmomed»ЖШС-нің ұйымдық құрылымымен, негізгі ережелерімен және міндеттерімен танысу;
  • «Cosmomed» ЖШС-нің сапа саласындағы саясатымен танысу;
  • «Cosmomed» СРО-ның құрылымымен,атқаратын қызметі,сонымен қатар негізгі міндеттерімен танысу;
  • Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы аумағындағы және Қазақстан Республикасындағы сәйкестікті растау тәртібін,үлгі ретінде алынған бет күтіміне арналған крем өнімін зерттеу.

1 «Cosmomed» ЖШС. Ұйымдық кұрылымы

«Cosmomed» ЖШС — өнімдер мен қызметтерді сертификаттау мен тұтынушылардың талаптары мен олардың сұранысын барынша алдын ала қамтамасыз ету саласында кешендік қызмет көрсету бойынша қазақстандық нарыққа жаңадан енген кәсіпорын. 2014 жылы нeгізі қаланды. Алғашқы кезеңде, тек қана сынақ зертханасы ретінде құрылған. 2015 жылы аккредиттелу негізінде, «Cosmomed» ЖШС-нің тағы да біp құрылымы –сәйкестікті растау органы (бұдан әpi СРО) ашылды. Қазіргі күнде бұл кәсіпорын Алматы каласы, Абай даңғылы, Желтоксан көшесінің қиылысында орналаскан. Бүгінгі күндегі «Cosmomed» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы 1-шi суретте көрсетілген.

...

Скачать:   txt (73.4 Kb)   pdf (589.8 Kb)   docx (351.2 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club