Жазыкпараллель орналастыру әдісі
Автор: 170702 • Ноябрь 12, 2021 • Лекция • 624 Слов (3 Страниц) • 393 Просмотры
№7 Дәріс
ЖАЗЫҚПАРАЛЛЕЛЬ ОРНАЛАСТЫРУ ӘДІСІ
Проекцияланушы объектпен проекциялар жазықтықтарының өзара орналасуы жазық параллель орын ауыстыру әдісі арқылы жүзеге асыратын болсақ онда объектінің нүктелерінің қозғалас траекториялары параллель жазықтықтарда болуы қажет (4.3. - сурет). Геометриялық объект проекциялар жазықтықтарына қарағанда параллель ауыстыру кезінде, фигура проекциясы өзінің орналасу жағдайын өзгерткенімен, фигураның бастапқы жағдайдағысымен конгурентті проекция болып қала береді.
[pic 1] | [pic 2] |
4.3. - Сурет. Жазық параллель орын ауыстыру әдісі арқылы кесіндінің шынайы өлшемін анықтау |
Жазық параллель орналастырудың қасиеттері:
1. П1, жазықтығына параллель жазықтықта нүктелерді барлық орын ауыстыруларда, оның фронталь проекциясы х өсіне параллель түзу сызық бойымен орналасады.
2. П2 жазықтығына параллель жазықтықта нүктелерді кез-келген орын ауыстыруда, оның горизонталь проекциясы х өсіне параллель түзу бойында орналасады.
Осы параллель жазықтықтардың проекциялар жазықтықтарына және нүктелердің орын ауыстыру траекториясын анықтайтын қисық сызық түрінне қатысты, жазық параллель проекциялаушы әдісі келесі жеке жағдайларды қарастырады:
1. Проекциялар жазықтығына перпендикуляр өс бойынша айналдыру әдісі;
2. Проекциялар жазықтығына параллель өс бойынша айналдыру әдісі;
3. Проекциялар жазықтығында жататын өс бойынша айналдыру әдісі (жазықтық ізі айналасында айналдыру) – үйлестіру әдісі.
Осы әдістердің кейбірін қарастырайық.
ПРОЕКЦИЯЛАР ЖАЗЫҚТЫҒЫНА ПРЕПЕНДИКУЛЯР ӨС БОЙЫНША АЙНАЛДЫРУ ӘДІСІ
Нүктелерді орын ауыстыру траекториясы проекциялар жазықтығына параллель. Траектория – шеңбердің доғасы, центрі проекциялар жазықтығына перпендикуляр өсте орналасқан. АВ (4.4. - сурет) жалпы жағдайдағы түзу кесіндісінің шынайы өлшемін анықтау үшін, В1 нүктесі арқылы өтетін горизонталь жазықтығына перпендикуляр айналдыру өсін аламыз. Кесіндіні фронталь проекциялар жазықтығына параллель болатындай етіп бұрамыз (кесіндінің гоизонталь проекциясы x өсіне параллель). Осыған байланысты А1 нүктесі А1*, m2 нүктесіне орналасады, ал В нүктесі өз күйін өзгертпейді. А2* нүктесі А нүктесі траекториясының фронталь проекцияларының қиылысында орналасқан (түзу сызық x өсіне параллель). В2 А2* алынған проекциясы кесіндінің өлшемін анықтайды.
[pic 3] | [pic 4] |
4.4. - Сурет. Горизонталь проекциялар жазықтығына препендикуляр өс бойынша айналдыру әдісімен кесіндінің шынайы өлшемін анықтау |
ПРОЕКЦИЯЛАР ЖАЗЫҚТЫҒЫНА ПАРАЛЛЕЛЬ ӨС БОЙЫНША
АЙНАЛДЫРУ ӘДІСІ
Бұл әдісті өзара қиылысушы түзулердің бұрышын анықтайтын мысалда қарастырайық (4.5. - сурет). К нүктесінде қиылысатын а мен в қиылысушы түзулерінің екі проекциясын қарастырамыз. Осы түзулердің арасындағы бұрыштың шынайы өлшемін анықтау үшін, түзулерді проекциялар жазықтығына параллель болатындай етіп түрлендіру қажет. Горизонталь деңгейлік түзу бойымен айналдыру әдісін қолданамыз. Кез-келген a және b түзулерін қиып өтетін Ох өсіне параллель h2 горизонталін фронталь проекциясына жүргіземіз.
...