Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру: мақсаты, әдісі, салдары

Автор:   •  Март 9, 2022  •  Реферат  •  3,607 Слов (15 Страниц)  •  317 Просмотры

Страница 1 из 15

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙДАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К  Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырыбы: Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру: мақсаты, әдісі, салдары

Мамандығы: 6В06102 - «Ақпараттық  жүйелер»

Тобы:  ИСк20_2

Орындаған: Әбдіраман  Әсел  Маратқызы

Тексерген оқытушы: Кабдушев Болат  

___________              ___________          «____»      ______ 2020жыл

(Бағасы)                      (Қолы)

Алматы, 2020

ЖОСПАРЫ

 

КІРІСПЕ____________________________________________3

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыр ______________4

2.Қоныс аудару саясатының кезеңдерге бөлінуі___________ 5

3.Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы_____________6

4.Жергілікті халық пен қоныстанушылардың қарым-қатынасы______12

ҚОРЫТЫНДЫ _________________________________________13

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР_____________________________14

        

КІРІСПЕ

Артта қалған елдерді басып алып, отарға айналдыру және осы елдердің  бүкіл байлығын тонау  -  патшалық Ресейдің негізгі саясаты болды. Оның шеткі аймақтардағы халықтарға деген саясаты тек тонаушылық және қанаумен ғана емес, әскери – отыршылдық тәртіппен де сипатталды.  Патша үкіметі орыс тұрғындарын құрамындағы халықтарды төмен дәрежедегі нәсіл ретінде қарауға тәрбиелеп отырды.

Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты–үкіметтің бүкіл аграрлы саясатының бір буыны. Помещиктерге арзан жалақыға жұмыс істейтін шаруалар керек болғандықтан, патша үкіметі  барынша елсіз қалған елдердің қарапайым халқын Қазақ жеріне қоныстандыруды көздеді. Патша үкіметі қоныс аударуды өзінің аграрлы саясатының  негізіне айналдырды.

Патша үкіметінің шеткі аймақтарға қоныс аудару саясаты дворяндармен қатар Ресей буржуазиясының да мүддесін қорғады.

Қоныстандыру саясаты отаршылыққа алып келді. Жері жоқ шаруалар енді күнкөріс үшін егін егу, бау-бақша шаруашылықтарымен айналысуға мәжбүр болды.

Негізгі бөлім

 Қазақстанға қоныс аударушыларды орналастыру

Қазақ өлкесі шұрайлы, шөбі шүйгін, даласы кең ұшан-теңіз,сол кең даланың әрбір жері қазына байлыққа толып жатқан бір үлкен қазына іспетті. Біздің қазақ жері ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орыс патшалығының алақанында болды. Орыс патшалығы өздерінің қатал саясаттары мен заңдарын енгізіп, қазақ халқын басқарып отырды. Орыс патшасын қазақтың жазиралы  даласы, шұрайлы шөбі,байлығы, өзендерінің сағасы мен  әдемі табиғаты  қызықтырмай қоймады. Қазақ жерінің осындай байлыққа толы екеніне көз жеткізу үшін қазақ жеріне түрлі экспедициялар зертеулер жүргізді. Орыстың көптеген зертеушілері айта кетсек, П.С. Паллас, Г.Ф.Миллер, П.И.Рычков, және В.Н.Татищев тағы басқа орыс ғалымдары   зерттеу жүргізіп көз жеткізген болатын.

Патша өкіметінің басты мақсаты бар байлық пен шұрайлы жерлерді алып қою ғана емес, түпкі мақсат мүлде басқа болды. Олар қазақ деген халықты ең басты байлығы мен қазынасы болып табылатын жерінен ғана емес, дінінен, бірлігінен және білімінен айыруды көздеді.

Қазақстанның жаулап алуының аяқталуы XIX ғасырдың ортасында Ресейдегі буржуазиялық реформалармен сәйкес келді. Бұл жағдайда үкімет шаруаларды революциялық қозғалыстан алшақтату үшін бірқатар шаралар қабылдады. Солардың бірі-қоныс аудару саясатын жандандыру. Қоныс аудару шаруалар шығыс шетінде ғана емес, орталық аудандарға өз әсері мен ықпалын туғызып отырды. Сондықтан патша үкіметі XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында әскери-казак отарлауынан жаппай отарлауға көшті.

...

Скачать:   txt (42.4 Kb)   pdf (167.4 Kb)   docx (451.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club