Кадастр
Автор: nuraiymtasybaeva • Февраль 11, 2022 • Реферат • 1,779 Слов (8 Страниц) • 337 Просмотры
«Кадастр» сөзі латынның «capitastrum» деген сөзінен шыққын. Бұл сөз «салық
салынатын заттардың тізімі» деген ұғымды білдіреді. Сонымен бір жақты түсінікте жер кадастры – жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең мағынада –
жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатында жерді есепке алу,
жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Жер
кадастры әдістемесінің ерекшелігі келесідей.
1 қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай
болмасын өндіріс процесінің шарты. Бірақ оның рөлі қоғам өндірісінің әр түрлі
саласында бірдей емес. Өңдеуші өнеркісіпте және құрылыста ол еңбек жасалатын
орын ретінде көрінеді. Қазып шығарушы өнеркіәсіпте ол ерекше қойма ретінде
қаралады. Ауыл шаруашылығында жер тек өндіріс процесі жүзеге асырылатын
орын ғана емес, еңбектің заты және құралы болып табылады;
2 жер кеңістікте көлем ауыстырылмайды.Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірілген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстырыла алады;
3 жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның
тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдары әр орындарда пайдалануға және
бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады;
4 жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл
шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне
жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлылығымен
сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше
жақсарады, сөйтіп, оның құнарлылығы жоғарылайды.
Мемлекеттік жер кадастры Республикасының жүйесі бойынша жер қорларын басқару жөніндегі мемлекеттік органдармен жүргізіледі. «Жер туралы» Заңның 113, 114- баптарында жер кадастрының негізгі талаптары және жаңа жағдайда оны жүргізу шарттары келтірілген. Жер кадастры бойынша материалдар жер –құқықтық мәселелерді
шешуде кеңінен қолданылады. Олар тек қана салық салу мүддесінде емес, басқа да
қажеттіліктер үшін (жерді сату, сатып алу, жалға беру, пайдалану және топырақтар
эрозиясымен күресу бойынша ұсыныстарды кадастрының негізгі міндеті жер иелері алатын пайданың бір бөлігінің мемлекетке түсуі мақсатында тиісті мәліметтермен қамтамасыз ету болып қала берді.
Мемлекеттік жер кадастры туралы мәліметтер жерді пайдалануды жоспарлау және
қорғаудың, жерге орналастыруды және бақылауды жүргізудің, жерді пайдалануға
байланысты шаруашылық қызметтер мен жерді қорғау шараларын бағалаудың,
сонымен қатар жерді сатып алу және сатуда жерге төлем ақының мөлшерін
анықтаудың негізі болып есептеледі. Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер
қорының табиғи құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметтер қажет.
Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең маңызды құралы ретінде есепке алу,
Бағалау туындайды. Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын,
болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін материалдық мүмкіндіктерін білу керек.
Сондықтан жер кадастры мәліметтерінің құқықтық маңызы да зор. Кадастр
мәліметтері, бірінші кезекті жерді тіркеу мәліметтері мемлекетпен тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес, сонымен қатар жерге ресми
мемлекеттік
меншікті
жүзеге
асыру,
пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын қорғауда қолданылады. Сондықтан
жер кадастры мәліметтерінің экономикалықпен қатар құқықтық та маңызы зор.
Жер
кадастрының
шаруашылық
кәсіпорындардың жерлерін нәтижелі пайдалануында көп маңызы бар. Осыған
байланысты ауылшаруашылық алқаптардың жай күйін және көлемдерін ескеру,
олардың өнімділігін салыстырмалы бағалау, жеке дақылдарды өндіру нәтижелігіне
...