Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қонақ үй сервисіндегі көңіл көтеру потенциалы

Автор:   •  Ноябрь 16, 2020  •  Лекция  •  1,911 Слов (8 Страниц)  •  658 Просмотры

Страница 1 из 8

15-тақырып.  ҚОНАҚ ҮЙ СЕРВИСІНДЕГІ КӨҢІЛ КӨТЕРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

15.1. Қонақ үй сервисіндегі көңіл көтеру потенциалы

         15.1.1. Адам өміріндегі көңіл-көтеру

         15.1.2. Анимацияның психологиялық ерекшеліктері

15.2. Қонақ үй мен мейрамханалардың көңіл көтеру түрлері

         15.2.1. Музыкалық көңіл көтеру бағдарламасы

         15.2.2. Релаксационды  іс-шаралар

         15.2.3. Құмарлық ойындарының  психологиялық аспектілері

15.1. Қонақ үй сервисінің көңіл көтеру потенциалы

15.1.1. Адам өміріндегі көңіл-көтеру

Көңіл көтеру адам өмірінде әрдайым маңызды роль атқарған. Адамның психологиясының өзінде көңіл көтеруге ұмтылыс қалыптасқан. Көңіл көтеруге мұқтаждықтың туындауы адамды оны іздеп табуға итермелейді, іздеу процесінде адам шыдамсызданып, уайымға салынады. Көңіл көтеру затын тапқаннан кейін қуаныш сезімі бой көтереді. Көңілі жайлану – көңіл көтеру затына көңілі толғанын білдіреді. «Көңілді көтеру уақытты көңілді және жағымды етіп өткізу» дегенді білдіреді. Көңіл көтеру деп қанағаттану сезімін және көңіл көтеруші нәрсені атайды. Көңіл көтеру процесі мына төмендегідей сипаттармен беріледі:

      - көңіл көтерудің түрлерін өз бетімен таңдауы;

      - көңіл көтеру түрлерінің алуан түрлі және бай болуы;

      - көңіл көтеруді түсінуге дайындықтың болуы;

      - көңіл көтеруді басқа да істермен біріктіру;

      - көңіл көтеруді қолдану мерзімділігі.

        Адамның әлеуметтік мұқтаждығы қанағаттанудың әсер етуінен қалыптасуы дәлелденген нәрсе. Қандай да бір іс-әрекеттердің қанағаттану дәрежесінің өзі біздің мұқтаждығымызды осы іспен қайта айналысуымызды қалыптастырады.

        Көңіл көтеру адамның әлсіздік танытып, ақиқаттан бас тартқанда оны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір адамның өмірі жылдамдатылған ырғақ пен жанды стресстердің тууы, жүйке жүйелерінің ауыру тәуекелдігімен байланысты. Көңіл көтеру адамда жүйкелік күш салуды түсіруге, артық энергиялардан арылуға мүмкіндік береді. Көңіл көтерушілік қызмет процесінде адам өзінің рухани мұқтаждығын қанағаттандырады. Ол өзінің жеке басын әртүрлі әлеуметтік жүйелерде бағалайды және салыстырады. Көңіл көтеру әртүрлі шектегі міндеттерді шеше отырып (ең алдымен тәрбие, оптималды көңілді қалыптастыру, адамның білімі, демалысы, мәдениетінің дамуы), өзінің жеке басын қалыптастырады және дамытады. Өзінің бос уақыт бөлігін көңіл көтерумен толтыра отырып, адам өзін еңбек бірлігі сияқты қайта қалпына келтіреді.

15.1.2.  Анимацияның психологиялық ерекшеліктері

Анимация көңілсіз демалысты тартымды формаға айналдырып, әрекетке түсіреді, толыққанды рухани және адамның тұла бойының демалуын қамтамасыз етеді.  Анимациялық әрекет туристке басқаша ертегідей және қайталанбас әсер береді.

Аниматор болып жас адамдар жүмыс істейді. Олар туристердің көңілсізденуіне мүмкіндік бермейді.

Аниматорларға қойылатын басты талап – кем дегенде екі тіл білу. Сонда ғана аниматор түрлі елдерден келген туристермен жүмыс істей алады.

         Аниматорлар өз жұмыстарында көбінесе туристердің демалысын ұйымдастыру құралы ретінде ойындарды пайдаланады. Ойын кезінде тапқырлық, икемділік, күшін, қабілетін, іскерлігін танытады, көрсетеді. Көңілді ойындар туристердің көңілін көтеріп қанағаттану сезімін тудырады.

           Аниматорлар түрлі ойын түрлерін: викторина, лотерея , аукцион ұйымдастырады.

Қәзіргі таңдағы қонақ үй мен мейрамханалардағы қонақтарға ұсынылатын көңіл көтеру іс шараларының түрлеріне көпшілік сүйетін- дискотека.

        Дискотеканың ерекшелігі арнайы жасалынғанмерекелік көңіл күй. Бұған қол жеткізу үшін алуан түрлі дыбыс шығаратын, дыбысты күшейтетін апараттар пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (24.5 Kb)   pdf (180.4 Kb)   docx (17.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club