Қонақ үй бизнесіндегі инновациялар
Автор: Nuri83 • Ноябрь 29, 2019 • Курсовая работа • 7,075 Слов (29 Страниц) • 1,656 Просмотры
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және технологиясы»
пәні бойынша
тақырыбы: «Қонақ үй бизнесіндегі инновациялар»
Орындаған РД-41қ тобының студенті | Томашинов С.Қ. |
Ғылыми жетекші аға оқытушы | Аешова Н.Т. |
Қарағанды 2019 ж.[pic 1]
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………. | 3 | |
1 | ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР РӨЛІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ………………………….. | 5 |
1.1 | Туризм және қонақжайлылық саласындағы "инновация" ұғымының мәні мен мазмұны………………………………………………………... | 5 |
1.2 | Қонақ үй бизнесіндегі инновациялар тарихы…………………………... | 8 |
2 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ…………………………. | 11 |
2.1 | Қонақ үй бизнесіндегі ақпараттық технологияның дамуы……………. | 11 |
2.2 | St. Regis қонақ үй кешенінің жалпы сипаттамасы………………………. | 14 |
2.3 | St. Regis қонақ үйінде инновацияларды қолдану тәжірибесі………….. | 16 |
3 | ҚАЗАҚСТАН ҚОНАҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ……………………………. | 19 |
3.1 | Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің инновациялық даму проблемалары………………………………………………………. | 19 |
3.2 | Болашақ қонақ үйлері…………………………………………………… | 20 |
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………. | 27 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………... | 29 | |
ҚОСЫМША А………………………………………………………………… | 30 | |
ҚОСЫМША B………………………………………………………………… | 31 | |
ҚОСЫМША C………………………………………………………………… | 32 |
[pic 2]
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта қонақ үй индустриясы бәсекелестік деңгейі жоғары сала болып табылады. Қазіргі заманғы қонақ үйлер тұтынушыларға тек тұру және тамақтану қызметтерін ғана емес, сонымен қатар көлік, байланыс, ойын-сауық қызметтерінің кең спектрін, экскурсиялық қызмет көрсетуді, медициналық, спорттық қызметтерді, сұлулық салондарының қызметтерін және өзге де қызметтерді ұсынады.
Іс жүзінде қонақ үйлер туризм және қонақжайлылық индустриясының құрылымында негізгі функцияларды орындайды, өйткені тұтынушыларға туризм және қонақжайлылық индустриясының барлық секторлары мен элементтері қатысатын кешендік қонақ үй өнімін ұсынады.
Инновациялар қолданбалы сипаттағы соңғы нәтижеге нақты бағдар алады, олар әрдайым белгілі бір техникалық және әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін күрделі процесс ретінде қарастырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының жұмыс істеп тұрған қонақ үйлерінің көпшілігі дағдарысты жағдайда және олардың иелерінің алдында клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша, оларға қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін қызметтерді ұсыну бойынша тез және тиімді шешімдер табу қиын міндет тұр.
...