Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туристерді тарту мен сақтаудағы қонақ үй инфрақұрылымының рөлі

Автор:   •  Февраль 15, 2024  •  Дипломная работа  •  2,417 Слов (10 Страниц)  •  49 Просмотры

Страница 1 из 10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

КЕНЖЕҒАЛИ САҒАДИЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

ROS

«Туристерді тарту мен сақтаудағы қонақ үй инфрақұрылымының рөлі»

Орындаған: Санат Дильназ

Группа: Тұрақты туризм, 22.265

Дисциплина атауы: Туризм инфрақұрылымы

Тексерген: Еркінбек А.М.

Алматы,2023

Жоспар

Кіріспе                                                                                                               3

Негізгі бөлім                                                                                                4 - 8

I. Қонақ үй менеджменті туризм индустриясының негізі

1.1 Туризм құрылымындағы қонақ үй индустриясының рөлі мен орны

1.2  Қонақ үй секторындағы тұтынушылардың сұраныс ерекшеліктері

II. Қазақстан Республикасының конақ үй бизнесінің дамуын талдау

Қорытынды                                                                                                       9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                 10

Кіріспе

Орналастыру – туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфрақұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфрақұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отельдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.

Қонақүйлік индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуде маңызды әсер етуде. Дамыған елдерде  туризмнен түскен табыс қара және түсті металлдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Туризмнен түскен табыс сол аумақтың экономикасын көтеруге қабілетті.

Қонақүй индустриясы дамып жатқан аумақтың инфрақұрылымына, тұтынушылық нарығына және басқа да кәсіпкерлік қызметтердің дамуына экономикалық ықпалын тигізеді.

Орналастыру қызметтері меншкі құқығын емес, айырбастау операцияларын жүргізу арқылы сатып алынатын қонақ үйдің белгілі бір өніме ретінде сипатталады. Бұған дейін айтылғандай, қонақ үй индустриясы туризмде маңызды орын алады. Туристер ағыны осы қонақжайлылық салаласының ұсынатын қызмет сапасы  мен көлеміне тікелей байланыс жасайды. Қонақтардың орналасу сапасы мен тұтынушыларға қызмет көрсету сол үйдің персоналымен жүзеге асырылады және оның тиімді эұмыс атқаруы бүкіл қонақжайлылық индустриясының қызеткерлері үшін шешуші фактор. Туризмнің пайда болып, дамуымен түнеу орындарының әртүрлі түрлері жасала бастады. Олар әр елде, аймақта және қалаларда әртүрлі.

Қонақ үй - бұл үйден тыс адамдарға қызмет көрсету кешенін ұсынатын кәсіпорын, олардың ең негізгі мақсаты бәрін бірдей дәрежеде орналастыру және тамақтану қызметтерін ұсыну. Қонақ үй кәсіпорнында орналастыру, тамақтандыру және басқа да қызметтер бір - бірін толықтырады, көп жағдайда өзара тәуелді және қонақ толық біртұтас жүйе ретінде қабылданады.

Әлемдік қонақ үйдің заманауи сегментациясын қонақ үй қызметтерін тұтынушылардың мүдделерінің әртүрлілігі анықтайды. Саяхаттың 50% - дан астамы  іскерлік саяхат, 40% - ға жуығы демалыс және 10% - ы басқа мақсаттағы саяхаттар. Тиісті сапасы мен белгілі бір фокустағы қызметі бар орналастыру орындарына деге сұраныс осы құрылымға байланысты.

...

Скачать:   txt (31 Kb)   pdf (210.3 Kb)   docx (78.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club