Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туристiк аfымдардын калыптасуына казакстандык iрi спорттык шаралардын әсерi

Автор:   •  Сентябрь 28, 2022  •  Доклад  •  444 Слов (2 Страниц)  •  172 Просмотры

Страница 1 из 2

ТУРИСТІК АҒЫМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ІРІ СПОРТТЫҚ ШАРАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

Төребек С. Ғ.

Молдагалиева А. Е. жетекшілігімен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: saya_torebek2000@mail.ru

Спорт пен туризм бір-бірімен тығыз байланысты және көптеген бағыттар бойынша өзара әрекеттесіп жүретін екі сала ретінде саналады. Қазір спортқа қызығушылық танытып қана қоймай, спорттық шараларға белсене қатысатын адамдардың саны көбейіп келеді. Белгілі бір спорт түрінің танымалдылығы, оның көптің аузында болуы әртүрлі спорт түрлері бойынша өтетін спорттық іс-шараларға қатысуға байланысты. Ірі спорттық іс-шаралар деп – әлемнің ең үздік командалары және танымал спортшылар қатысатын ең беделді жарыстарды айтады. Бүгінгі күні жазғы және қысқы Олимпиада ойындары, сондай-ақ футбол мен хоккейден әлем чемпионаттары ең ірі спорттық іс-шаралар болып саналады. Сондықтан, олар халықаралық туризмде маңызды орын алып, оның дамуына үлес қосады. Танымал спорт түрлерінің жанкүйерлері мұндай жарыстарға қатысу үшін өте көп қаражат жұмсауға дайын.

Оқиғалық туризм қаржы жағынан қымбат деп саналады. Бұл туризм түрінің мақсатты аудиториясы – орташадан жоғары табысы бар бай туристер деуге болады. Спорттық туризм оқиғалық туризмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Спорттық іс-шараға қатысушылар орналастыру орындарына, көліктерге, қоғамдық тамақтандыру орындарына, сонымен бірге гидтер мен аудармашылардың қызметіне және өзге де қосымша туристік қызметтерге жоғары талаптар қояды.

Туризм индустриясы үшін қонақ үй секторы тұрғысынан ірі спорттық іс-шаралар үлкен маңызға ие. Мысал ретінде, футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырушы ұйым ФИФА-ның қонақ үй инфрақұрылымына қоятын ресми талаптарын айтуға болады. Әлем чемпионатының топтық кезеңінің матчтары өтетін қаладағы қонақүй инфрақұрылымы жалпы саны – 7 600-ге жуық бөлмені, жартылай финалдық матчтарда – 14 800 бөлмені қамтуы керек. Ал финалдық матч және барлық бөлме саны – 30 000 нөмірге жуық боуы тиіс. Халықаралық спорттық іс-шаралардың болу аймағындағы көліктік инфрақұрылымына қойылатын ең маңызды талаптар экологиялық тазалық пен икемділік. Бұл дегеніміз,  туристік ағынның көлеміне байланысты жұмыстың сол немесе басқа режиміне жылдам ауысу мүмкіндігінің болуы. Оқиғалық туризм спорттық іс-шара аяқталғаннан кейін тұрақты туристік ағынмен әрекеттесіп, осы туристік бағытты қалыптастырады және нығайтады.

...

Скачать:   txt (6.5 Kb)   pdf (88.7 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club