Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көлсай көлдерiнiн туристiк мyмкiндiктерi

Автор:   •  Апрель 20, 2023  •  Статья  •  437 Слов (2 Страниц)  •  110 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақстанның табиғи бірегейлігін сақтау ұйымдастырылған туризмді дамытуға тікелей байланысты болып табылады. Сондықтан да қазір экологиялық туризмге көп көңіл бөлінуде. Бұл жағдайда экологиялық мәнге үлкен назар аударылады. Мысалы ұлттық парктерде құрылатын барлық инфрақұрылым экологиялық таза материалдардан дайындалады және барлық объектілер қорық аймақтарынан тыс жерлерде орналасатын болады.

Көлсай – әлемдегі теңдесі жоқ әсем жер. Бұл өлке әсемдігімен ғана емес, қасиеттілігімен де ерекшеленеді. Алланың берген осындай кереметін аялап ұстауымыз керек. «Көлсай көлдері бойынша біз көлдерден төмен инфрақұрылым салу туралы шешім қабылдадық, автокөліктердің кіруі шектеледі, өйткені Қайыңды көлі ерекше, оны сақтау маңызды. Сондай-ақ көлдің бөгетін қалпына келтіру жоспарлануда, қазір жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қайыңды көлі шамамен 100 жыл бұрын селдің құлауы нәтижесінде пайда болған. Соңғы жылдары бөгет шайылып, көлдің деңгейі төмендей бастады.

Қазіргі уақытта ұлттық парктегі туристер саны жыл сайын артып келеді. Пандемия шетелдік курорттарға шектеу болғанымен, ішкі туризмнің дамуына тікелей жол ашты. Мәселен, өткен жылы Көлсайға 80 мыңға жуық турист келсе, биыл олардың саны 135 мыңға жуық болады деп күтілуде. Бұл нақты көрсеткіш емес, келушілер саны бұдан да көп болуы мүмікін. Ұлттық паркте қауіпсіз туристік бағыттар мен соқпақтар, заманауи визит-орталықтар, глэмпингтер, кемпингтер, қазақ ауылдары және керуен жолы, көру алаңдары, демалуға арналған орындар сияқты жағдайлар жасалғаннан кейін келушілер саны еселеп артады. «2-3 жыл ішінде мұнда жаңа туристік маршруттар, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасалады. Барлық жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру үшін конкурс қорытындысы

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (43.8 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club