Отчет по практике в «Myrza-tour»
Автор: qwertyytrewq10 • Июнь 11, 2020 • Отчет по практике • 2,699 Слов (11 Страниц) • 499 Просмотры
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Кафедра «Туризм»
Экономика факультетінің
5В090200 «Туризм» мамандығы
студентінің диплом алды практикасы бойынша
ЕСЕБІ
Шамет Аюпбек Данабекұлы
Кафедра атынан пратика жетекшісі: Шарапаева Б.Ж.
Нұр-Сұлтан қ, 2020 ж.[pic 1]
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. «Myrza-tour» туристік агенттігіне сипаттама 4
1.1«Myrza-tour» туристік агенттігінің ұсынған тәжірибе базасы, ұйымдық құрылымы 4
2 Қазақстан Республикасының туристік саласын кластерлік дамыту 5
2.1 Туристік кластердің теориялық негіздері 5
2.2 Қазақстан Республикасында туристік кластерлердің даму мәселелері 6
3 Қазақстан Республикасында туристік кластерлердің даму болашағы 7
3.1 Қазақстанның туристік саласын дамытуға трансшекаралық кластерлер құруды ұсыну 7
ҚОРЫТЫНДЫ 8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 9
КІРІСПЕ
Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола отырып, туризмнің жеткілікті дамымауымен сипатталады. Оның ЖІӨ-дегі үлесі (тек тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер есептеледі) шамамен 0,9 %-ды құрайды. 2017 жылы туристік қызметтен түскен кіріс мөлшері 1,99 млрд.$ құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 15,97%-ға артық (1,7млрд.$). Салада жұмыспен қамтығандар саны 186,2 мың адамды құрады. Туристік саладан 2018 жылы Қазақстан жалпы 784,3 млрд теңге пайда түсірген
Қазақстан Республикасы жыл сайын туризм мамандығына сапалы мамандар дайындап шығару үшін еліміздегі ЖОО-на 200-ден астам гранттар бөледі. Бұл аталған салада мамандар тапшы екенін аңғартады. Алайда, бұл мамандықта университет қабырғасында 4 жыл бойы теориялық білім алу жеткіліксіз. Теориялық білімді практикада алатын тәжірибемен ұштастырғанда ғана сапалы мамандардың қалыптасады.
Өз кезегінде Еуразия Ұлттық Университеті мамандар дайындау ісінде жоғарыда айтылған мәселеге жіті мән береді. Жыл сайын білім алушылардың алған теориялық білімдерін бекіту үшін практикадан өтуге жібереді.
Осы мақсатта 2020 жылдың 9 наурызы бен 20 наурыз аралығында «Myrza-tour» туристік агенттігінде, 21.03-05.05.2020 аралығында Еуразия Ұлттық Университетінің туризм кафедрасында 2 кезеңнен тұратын диплом алды практикадан өттім.
Практиканың мақсаты:
- Диплом алды практика студенттердің жоғары оқу орнында алған зерттеу жүргізу қабілетін білімдерін практика жүзінде нықтап бекіту;
- Аналитикалық және басқарма жұмыстарын іс жүзінде жүзеге асыруды үйрену.
Практиканың міндеттері:
- Студенттің дипломдық жұмысына материалдар іріктеу;
- Тақырыпты толық аша алатын маркетингтік құралды қолдану;
- Студенттің қорытынды жұмысын барлық нормативтік құжаттар бойынша рәсімдеу.
Қорытынды есеп беру жұмысы кіріспе,негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерін қамтып жалпы 3 бөлімге бөлінді. Негізгі бөлімде тәжірибе өткен «Myrza-tour» туристік агенттігі жайлы толыққанды сипаттама берілді. Экономикалық, маркетингтік , қаржылық жағдайларына диаграмма, суреттер қолдану арқылы талдау жұмыстары жүргізілді.
...