Мейманхана кешенінде фирмалық стильді дамытудың мәселелеры мен бағыттары
Автор: hairat.altai • Ноябрь 30, 2018 • Курсовая работа • 17,211 Слов (69 Страниц) • 951 Просмотры
Мазмұны | |
КІРІСПЕ | 6 |
1 ІШКІ ФИРМАЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ | |
1.1. Ішкі фирмалық басқарудың мәні, мағынасы, жіктелуі | 8 |
1.2. Ішкі фирмалық басқарудың негізгі моделдері мен механизмдері | 12 |
1.3. Ішкі фирмалық басқарудың шет елдік тәжірибесі | 19 |
2 ІШКІ ФИРМАЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ («ТАЗ-СЕРВИС»ҚОНАҚҮЙІ МЫСАЛЫНДА) | |
2.1. «Таз-Сервис»қонақүйінің жалпы сипаттамасы | 26 |
2.2. «Таз-Сервис»қонақүйінің басқару стилі және қаржылық талдауы | 30 |
2.3. Ішкі фирмалық басқарудың даму тенденциялары | 39 |
3 ІШКІ ФИРМАЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ | |
3.1 Ішкі фирмалық басқарудың негізгі мәселелері | 50 |
3.2 Ішкі фирмалық басқару жүйесін жетілдіру жолдары | 55 |
ҚОРЫТЫНДЫ | 59 |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 61 |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қонақ үй кешені халықтың өмірлік деңгейін өсуін қоғамдық ынталандыру және өндірудің тиімділігін жоғарлатуда үлкен рөл атқаратын әлеуметтік саланың маңызды бөлігі болып табылады. Халықтың экономикалық белсенділігінің топталуына және жұмыс күшінің ендірілуіне ашық болатын орындарда қонақ үйлер мен мейрамханалар аса қажетті, бірақ оларды тиімді басқару керек. Баршаға мәлім болғандай, XXI ғасырда тиімді басқарудың басымдылық көзі – білім болып табылатыны анық. Бүгінгі таңда заманауи қоғамда тиімді басқару (менеджмент) – жеке кәсіпорынды дамытуда ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жүйесінің болашағын анықтайтын бүкіл ел шаруашылығының сәттілікке қол жеткізуде шешуші фактор болып табылады. Сондықтан, менеджердің жұмысы стратегиялық, әлеуметтік, функционалды, басқарушылық және кәсіби біліктілігін қоса алғанда, білім құрылымына негізделуі тиіс. Білікті басшының қызметкерлері де ережеге сәйкес кәсіби түрде мінсіз болады, бұл қонақ үй деңгейінің жоғарлығын білдіреді.
Мейманхана қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Жалпы мейманхана шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен жеке бөліп қарастыру мүмкін емес. Өйткені, мейманхана шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады. Мейманхана шаруашылығы әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі. Ал бұл қызметті басқару оңайға соға қоймайды. Соңғы кездері, мейманхана бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1/10 бөлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ. Мейманхананың басты көзі – турист болғандықтан, мейманханада көрсетілетін қызметтердің сапасы әлемдік деңгейде әр түрлі болуы қажет. Тек сонда ғана мейманхана саласы өркендеп, өз дамуын одан әрі жалғастырады. Туризм – экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді. Бұл жерде айта кету керек, мейманханалардың түрлі үлгілерімен берілген қонақжайлық индустриясы орналастыру орындары секторынан бастау алып, тарихи қалыптасқан. Классикалық түсінік тұрғысынан, мейманхана деп жиһаздармен жабдықталған бөлмелері бар келушілерге арналған үйді атайды. Қазіргі жағдайда мейманхана дегеніміз – азаматтарға, жеке туристерге және ұйымдасқан топтарға мейманханалық қызмет көрсету мекемесі[1].
...