Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Туризму"

Автор:   •  Июнь 21, 2020  •  Контрольная работа  •  1,108 Слов (5 Страниц)  •  573 Просмотры

Страница 1 из 5

СОӨЖ шеңберіндегі 1-ші сабақ:

1 сұрақ. Жорықта медициналық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері.

Кез келген туристік жорыққа топ болып шыққан кезде, әрқашан топ мүшелерінің кенеттен жарақат алып қалуының, күтпеген жерден бір оқиғаларға тап болу мүмкіндігі болады. Осындай тосын жағымсыз сәттерде топ мүшелеріне қалай алғашқы көмек көрсетуге болады? Біріншіден, жорыққа аттанбастан бұрын әр топ мүшесінің алғашқы көмек көрсетуді білетіндігіне көз жеткізуіміз керек. Адам аяғын қайырып алған жағдайда, бастан күн өткен жағдайда, есінен тану, улану жағдайларында не істеу керектігін әр адамның білгені абзал. Екіншіден, жорыққа аттанбастан бұрын топты медициналық препараттармен, құрал-жабдықтармен камтамасыз етуіміз керек. Медициналық қобдишаның ішіне ең керекті дәрі-дәрмектерді, бинт, жгут сияқты маңызды алғашқы көмекке керек болып қалатын заттарды түгендеп, алып шығу керек. Топ жетекшісі топтың медициналық камтамасыз етілуін кадағалайды. Немесе медик адамды алып шығуға болады. Жорық алдында медициналық профилактикалық сабақтар жүргізіліп, әр топ мүшесінен олардың кандай ауру сырқаттары бар, қандай медициналық қарсы көрсетімдері бар екенін біліп алуға міндетті.

2 сұрақ. Белсенді туристік саяхаттарда аурулар мен жарақаттарды профилактикалаудың негізгі қағидаттары.

Профилактиканы жорыққа дайындалу барысында өткізу керек. Профилактикалық дайындыққа саяхатта болатын қауіпті жағдайларды қарастыру, маршрут таңдау тактикасы, кауіпсіздік техникаларына уйрету, жарақатты қалай өңдеу керектігін үйрету және т.б жатады. Теориялық сабақтарда әр түрлі аурулардың түрлерін, оларды қалай емдеу керек, қалай алдын алу керек екендігін білу міндеті тұр. Мысалы, ең көп кездесетін қауіп ол таулы тасты жерлерде алынатын жарақаттар. Адам құлаған кезде тізесін немесе шынтағын, білегін соғып не жырып алуы мүмкін, сол кезде лас жараға йод жағу керек па, зелёнка жағу керек па білмейтіндер болады. Немесе жгутты биршама уақыттан кейін шешу керектігін білмейтіндер болады. Бұның бәрі жорық алды медициналық профилактикалық сабақтан алатын білім. Табиғатқа шыққанда барынша абай болу керек. Өзіңді қолыңда ұстап, эмоцияларымыздың жетегінде кетпей, техникалық қауіпсіздік шараларын бұзбауымыз керек.

3 сұрақ. Спорттық жарақаттардың негізгі себептері.

Спорттық жарақаттар көбінесе белсенді туризм түрлерінде көп кездеседі. Олар мысалы, альпинизм, рафтинг, каякинг, сноубординг, велотуризм. Жарақаттардың көбі адамның қауіпті жағдайларды, өз күштерін дұрыс бағаламаудың себебінен туындайды. Табиғат аясында демалыс кезінде, саяхаттау кезінде техникалық аспектілерді ұмытпау керек. Әрдайым баратын жердің табиғи кедергілерін мұқият зерттеп, ол жерді жақсы білетін адамдармен сөйлесіп, маршрутты барынша аласа, тегістеу жер бедерімен өткізіп барынша дайындалып барған жөн. Ал спорттық туризмде тренердің бағыттауынсыз жүрудің, құрал жабдық, спортпен айналысатын жерді дайындамағандықтан травматизм көп болып тұрады.

4 сұрақ. Спорттық жарақаттардың алдын алу үшін іс-әрекеттер кешені.

Спорттық жарақаттардың алдын алу үшін  кешені қабылданады: дұрыс жаттығу техникасы, жаттығу орындарының, жашбдықтардың, киім-кешектердің, аяқ киімнің жақсы жағдайын қамтамасыз ету, қорғаныс құралдарын пайдалану, үнемі медициналық бақылау, гигиена талаптарын сақтау, күнделікті тәрбие жұмыстары және т.б Жарақаттанудың алдын алу үшін бұлшық еттерді қыздыру маңызды. Жарақаттанудың алдын алу шараларының бірі - спортшыларды төмен және жоғары температура, күннің оқшаулау және т.б. әсеріне үнемі үйрету. Жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, спортпен шұғылдану кезінде көп көңіл спорттық жарақаттың алдын алуға, әдістемелік және ұйымдастырушылық нұсқаулықтардың дұрыс орындалуына, медициналық бақылау мен тәрбие жұмыстарының дұрыс жүргізілуіне бөлінсе, спорттағы жарақат алып қалу мүмкіншілігін азайтуға болады

...

Скачать:   txt (15.9 Kb)   pdf (83 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club