Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қатты емес валдарды орнату

Автор:   •  Октябрь 25, 2020  •  Лекция  •  371 Слов (2 Страниц)  •  306 Просмотры

Страница 1 из 2

  Қатты емес валдарды орнату

Қатты емес деп білік деп  ұзындығы  диаметрінен 10-12 рет үлкен  болатын  біліктерді  айтады.  Мұндай  тетіктер өз  салмағының  және кескіштің кесу күшінің  әсерінен  майысады, дірілдейді, сол себептен  кескіш мүжіледі. Өңделген  беттің сапасы  төмендейді,  өлшемдері  талап  етілген  дәлдіктен  ауытқиды. Бұл  кесу  режимдерін   төмендетуге алып  келеді. Және де тетіктің майысуы  тетікітің патроннан  ұшып  шығуына  алып  келіп  токарь келеңсіз  жағдайға шалдығуы  мүмкін.   Сондықтан қауіпсіз  жұмысты қамтамасыз  ету үшін, еңбек өнімділігін  көтеру мақсатында қатты емес  біліктерді  станокқа  орнату үшін  люнеттерді  қолданады.  Люнеттердң екі түрі болады; жылжымайтын  және  жылжымалы.

[pic 1]

Жылжымайтын  люнет (240а-сурет) негізден-7, ашпалы қақпақтан-3, және  бір-біріне  қарағанда  тәуелсіз қозғалатын үш  жұдырықшадан -2 тұрады. Люнет станоктың  бағыттауышының-10  ортасына орнатылады және қапсырғыш скобамен -9  бекітіледі, ол өз кезегінде бағыттауышқа болт пен гайканың  көмегімен  бекітіледі. Жұдырықшалар  радиустары  бойымен ұстағыштарды-4  айналдыру  арқылы  винттердің  көмегімен жылжи  алады. Және  қажет болғанда қысқылардың  көмегімен  қатайтып  бекітуге  болады. Негіздің өсімен біріктірілген қақпақ-3 қысқыны-6 босатқанда люнетке  дайындаманы  орнату  үшін ашылады. Жұдырықшалардың ұштары алмалы-салмалы.Оларды шойын  немесе  қоладан  жасайды. Үлкен  жылдамдықтармен  жұмыс  жасау үшін  олардың  орнына    тербелу  мойынтіректерін  орнатады.

[pic 2]

Жылжымалы  люнет (240б-сурет) жоғарғы  бөлігі  оңға иілген корпустан-5, бір-бріне  қатыссыз  қозғалатын екі реттелетін жұдырықшадан-2  тұрады. Жұдырықшаларды 4 және 3 ұстағыштардың  көмегімен қатайтып  бекітуге  болады. Люнетті құралкүймешіктің сол жағындағы винтің-6 көмегімен орнатып  бекітеді. Дайындамада оны  жылжымайтын  люнетке  орнатудың  алдында (жобамен  ортасында)  тайыздау  люнеттің жұдырықшасына  арнап бунақ  жонып  дайындайды.Дайындаманы  станокта  орнатып  алған соң,  бірінші біліктің жартысын (люнетке  дейінгі), сосын   екінші  жағынан  орнатып қалғанын  жонады.

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (99 Kb)   docx (51.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club