ТҚК және АЖ бойынша жұмыстың жылдық көлемін есептеу
Автор: Qos ishek • Декабрь 25, 2023 • Курсовая работа • 8,288 Слов (34 Страниц) • 138 Просмотры
Мазмұны
КІРІСПЕ 2
2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУДІ ЖОСПАРЛАУ 3
2.1 Пайдаланудың табиғи-климаттық және жол жағдайының сипаттамасы 3
2.2 Түзету коэффициенттерін таңдау 3
2.3 Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша өндірістік бағдарламаны есептеу 4
2.3.1 ТҚК-тің нормативтік кезеңділігін және КЖ-ге дейінгі жүрісті 4
анықтау және оны түзету 4
2.3.2 ТҚК жүргізудің айналымдық графигі 8
2.3.3 ТҚК пен КЖ-дің жылдық бағдарламасын есептеу 8
ТҚК-1 12
2.4 ТҚК және АЖ бойынша жұмыстың жылдық көлемін есептеу 12
2.4.1 ТҚК және АЖ бойынша жұмыстардың еңбек сыйымдылығын анықтау 12
2.4.2 ТҚК және АЖ бойынша жұмыстардың жылдық көлемін анықтау 14
2.4.3. Жәрдемші жұмыстардың көлемін анықтау және ТҚК пен АЖ 16
жұмыстарының көлемдерін аймақтарға бөлістіру 16
3.1 ТҚК пен АЖ бекеттерінің есебі 18
3.2 Өндірістік ғимараттардың ауданын есептеу 20
ҚОРЫТЫНДЫ 22
Әдебиеттер тізімі 23
1 КІРІСПЕ
Көлік ел экономикасының негізгі жүйесінің бірі. Оның негізгі орындайтын міндеті жолаушылармен жүктерді тасмалдау. Жалпы көлік экономиканың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Ол өндіріс орталарын және кәсіпорындарды басқада салалармен тығыз байланыстырып адамдарға қызмет көрсетеді.
Атқаратын қызмет түрлеріне байланысты автомобиль мекемелерінің келесідей қызметтерді көрсетеді: автокөліктік, жылжымалы құрамды жөндеу, көлікке қызмет көрсету. Автокөлік кәсіпорындары жолаушылармен жүктерді тасуға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу бойынша жұмыстармен айналысуға, автокөліктерді сақтап техникалық материялдармен қамтамасыз етуге арналған. Тасымалдау сипатына және автомобиль түріне байланысты авто кәсіпорындар жеңіл таксомотолық, қызмет көрсетуі бойынша жеңіл мекемелі және ұйымшылық, автобустардың, жүк таситын, жүкпен жолаушы (аралас) және арнайландырылған, коммуналдық қызмет көрсету сонымен қатар жедел қызмет көрсететін және т.б. түрлері бар
АКК жобалау брысында келесі процестерді қарастырамыз:
- Алғашқы мәліметтерді таңдау;
- Өндірістің бағдарламасын, көлемдерін және өндірістік қызметкерлерінің саның есептеу;
- ТҚК және АЖ-ны ұйысдастырудың әдісін таңдау (ағымды және тұйықталған);
- ТҚК жолдары мен АЖ бекеттерінің саның анықтау;
- Техникалық жабдықтарды қажеттілігіне қарай таңдау;
- Өндірістік, қоймалық және қосымша үймереттердің ауданың есептеу;
- Аумақтардың, учаскелердің және тұтасымен кәсіпорындардың көлемдік және жоспарламалық шешімін таңдау;
- Бас жоспарды әзірлеу;
- Әзірленген техникалық жоба шешімі бойынша техникалық-экономикалық бағалау.
Алғашқы мәліметтерді таңдау
АКК жобалау кезінде келесі параметрлер қарастырылады:
1)Кәсіпорын орналасу аймағы;
2)Автокөлік түрі;
3)Автокөлік маркасы;
4)Автокөлік саны;
5)Тәуліктік жүрісі;
6)Жылдық жұмыс күні;
7)Ауысым ұзақтығы;
8)Ескі және жаңа автокөлік % қатынасы.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУДІ ЖОСПАРЛАУ
2.1 Пайдаланудың табиғи-климаттық және жол жағдайының сипаттамасы
Курстық жұмыстың берілген талаптары бойынша келесі мәліметтерді қабылдадық. Бізге КаВЗ-685 автобус маркасы берілген сонымен қатар, РАФ-2203 автобусын қарастыру ұсынылды. Автокөліктердің тізімдік саны КАВЗ-685 автокөлігі үшін 85-ті, ал РАФ-2203 автобустары үшін 62-ні құрайды. Автокөліктердің орташа тәуліктік жүрістері, сәйкесінше, 250 км мен 235 км шақырымды қамтыды.
...