Болат маркілеу
Автор: lagylkappasova • Май 4, 2020 • Лабораторная работа • 1,015 Слов (5 Страниц) • 613 Просмотры
Болат көп компонентті көміртекті темір қорытпасы.Құрамында тұрақты элементтер Si, Mn, S, P мен көміртегі 0,02-2,14 %, негізі темір қорытпаны болат деп атайды.
Қазіргі кезде болат өндіру негізінен екі сатылы
[pic 1][pic 2][pic 3]
темір кені шойын болат[pic 4][pic 5]
сұлбасы бойынша жүзеге асырылады, яғни алдымен домна пешінде шойын алу, содан кейін болат қорыту тәсілдерінің бірімен шойыннан болат өндіру.
Қазіргі техниканың болат сапасына қоятын талаптарының жоғарылауынан, балқыманы пештен тыс өңдеу арқылы, оның сапасын арттырады. Сапасы бойынша көміртекті болат кәдімгі сапалы және сапалы болып екіге бөлінеді.
Кәдімгі сапалы көміртекті болат. Кәдімгі сапалы көміртекті болатты Ст (сталь) әріптерімен және 0-ден 6-ға дейінгі санмен маркалайды. Мысалы: Ст3- Ст дегеніміз сталь, 3- реттік сан.
Кәдімгі сапалы көміртекті болат 3 түрден тұрады. Ол А, Б, В. Кәдімгі сапалы көміртекті болат түрлі илем және соғылма түрінде өндіріледі. Олардан кеме, қазан және көпір жасау саласында түрлі конструкциялар, білік, белдік, тісті дөңгелек, саусақша және т.б. жасалынады.
Сапалы көміртекті болат. Сапалы көміртекті болат, кәдімгі сапалы болатқа қарағанда, күкірт (0,04 %-дан көп емес), фосфор (0,035 %-дан көп емес) және металл емес кірінділердің аз мөлшерімен ерекшеленеді.
Сапалы көміртекті болатты екі орынды сандармен маркалайды (ГОСТ 1050-88). Мысалы, 55 маркалы болат. Көміртектің орташа мөлшері 0,55%.
Сапалы көміртекті болаттың 15, 20, 25 маркаларынан жасалған кішірек бөлшектерді (тісті дөңгелек, жұдырықша, итерме және т.б.) алдымен цементациялап, содан кейін шынықтыру мен төменгі босаңдатудан өткереді.
Орташа көміртекті (0,3-0,55 %) болат маркаларын (30, 35, 40, 45, 50, 55) қалыпты күйге жұмсарту, жақсарту (шынықтыру+жоғары босаңдату), жиілігі жоғары тоқпен шынықтыру және босаңдатудан кейін пайдаланады.
Көміртек мөлшері жоғары және марганецпен қоспаланған (60Г, 65, 70Г) сапалы көміртекті болат маркаларын негізінен бұрамалы серіппе жасау үшін пайдаланады. Мысалы: 50Г- 0,50% көміртегі, 1% марганецтан тұрады.
Арнайы қасиет беру үшін қосындылы (легірлейтін) деп аталатын элементтерді (Cr, Ni, Mo, W, V, Ti және т.б.) белгілі бір мөлшерде әдейі қосатын болатты қосындылы болат деп атайды.
Құрал-саймандық көміртекті болат. Кескіш құрал-саймандар жасау үшін қолданылатын көміртекті болат сапалы У7-У13 және жоғары сапалы У7А-У13А болып бөлінеді. Болат құрамындағы көміртегі мөлшері 0,7-1,3%. Мысалы: У12А- 1,2% көміртекті жоғары сапалы құрал – саймандық болат.
Легірленген болатты маркалау. Қоспаланған болатты, оның химиялық құрамын көрсететін, әріптер мен сандар арқылы маркалайды. Әрбір қосынды элемент әріппен белгіленеді (ГОСТ 4543-71); азот – А, алюминий – Ю, бор – Р, ванадий – Ф, вольфрам – В, кобальт – К, кремний – С, молибден – М, марганец – Г, мыс – Д, никель – Н, ниобий – Б, титан – Т, хром – Х. Егер Р марканың соңында тұрса – бор, егер алдында тұрса – тезкескіш болады. Әріптерден тұрған сан элементтің пайыздық мөлшерін көрсетеді. Егер элемент мөлшері 1-1,5 %-дан аз болса, онда сан жазылмайды. Мысалы: 45ХН4ДА маркалы болатта – 0,45% көміртегі, 1% хром, 4% никель , 1% мыс, ал А оның жоғары сапалы екендігін көрсетеді.
Болат маркаларының көп болуына байланысты, оларды жеке топтарға бөліп, әрбір топты әріппен белгілейді. А әрпімен автоматты, Е – магниттік, Р – тез кескіш, У – көміртекті құрал-саймандық, Ш – шарикоподшипниктік, Э – электротехникалық болатты белгілейді. Мысалы: А35 маркасы құрамында 0,35 % көміртегі бар автоматтық болат, Е15Ф3 маркасы 0,15 % көміртегі 3% ванадий бар магнитті болат, У6 құрамында 0,6 % көміртекті құрал - саймандық болат, ШХ25 құрамында 2,5 % хромы бар шарик подшипникті болат.
Цементацияланатын қоспаланған болат
...