Тамақ өндірісін маркілеу және штрих кодтау түрлері
Автор: Makpal04 • Июнь 7, 2023 • Эссе • 309 Слов (2 Страниц) • 264 Просмотры
Тамақ өндірісін маркілеу және штрих кодтау түрлері
Тамақ өнеркәсібі- тамақ өндірісінде маңызы бар өндіріс түрі. Тамақ өнімдерін қаптау барысында бірнеше процестен өтеді. Сонын ішінде маркілеу және штрих-кодтаудан өтеді. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманының дамуына байланысты барлық өнімдерге міндетті процесс. Бұл процесс арқылы біз өнім туралы қажетті ақпараттарды біле аламыз. Компьютерлік технологияларды кеңінен енгізу кезеңінде сенімді ақпарат алу мақсатында қолданылады.
Қазіргі таңда әр өнімнің сыртында арнайы белгілері болады. Яғни, өнім туралы ақпарат берілген мәтін немесе шартты белгі. Бұл өнім туралы толыққанды ақпарат бере алады және сапаны бақылауға көмек береді.
Маркілеу (таңбалау) - өнімнің өзіне тән сипатын белгілеу мақсатында қолданатын өнім сыртындағы мәтін немесе арнайы шартты белгі. Бұл белгілер арқылы өнім туралы нақты ақпараттар алуға болады. Бұл ақпараттың ішінде өнімнің шығарылған күні, мекен-жайы, өнім құрамы, сақтау мерзімі сияқты тағы да басқа айрықша белгілері жатады. Маркілеудің үш түрі бар. Олар өндірістік, тауарлы, импорт кезінде болып бөлінеді. Өндірістік маркілеу- өндірістен шыққан өнімді маркілеу болып табылады. Тауарлы маркілеу – сатып алынған өнімге кассадан чек басып шығару арқылы маркілеу. Импорт кезінде маркілеу- өнімді шет елдерге экспортқа шығару кезінде арнайы ұйым таңбасымен маркілеу.
Өнімдерді қаптау барысындағы тағы бір процесс ол штрих-кодтау процесі. Өнімді тіркеу мақсатында штрих-код қолданылады. Яғни, штрих-код дегеніміз- өнім қаптамасында ақ және қара жолақпен белгіленетін, көп саннан тұратын және арнайы құралмен оқылатын кодтау түрі. Штрих-кодтың әр түрлі түрі бар. Олар: сызықтық бір өлшемді, екі өлшемді, матрицалық және композиттік, арнайы түсті штрих-кодтар, олар үш өлшемді, төрт өлшемді, композиттік - кез-келген дерлік сызықтық штрих-код. Көбінде қолданылатын штрих-кодтау түрі ол 13 таңбалы (Aen) штрих коды. Штрих-код қаптамаға полиграфиялық әдіспен жабыстыралады жәе арнайы құралдармен оқылады.
...