Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мұнай базасында орындалатын операциялар

Автор:   •  Октябрь 11, 2018  •  Реферат  •  956 Слов (4 Страниц)  •  1,157 Просмотры

Страница 1 из 4

                      Мұнай базасында орындалатын операциялар

Мұнай базасында жүргізілетін барлық операциялар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

        Негізгі операцияларға келесілер жатады:

        1) базаға теміржолмен, өзенмен, автокөлікпен, құбырмен немесе әуе арқылы жеткізетін мұнай өнімдерін қабылдау;

        2)Мұнай өнімдерін қоймаларда сақтау;

        3)мұнай өнімдерді үлкен партиялармен темір жол цистерналарына және маршрутттағы мұнай кемелеріне немеесе құбырларға жіберу;

        4)мұнай өнімдерін аз партиямен автотолтыру станциясы, ыдыс қоймалары арқылы жіберу.

 Көмекші операцияларға келесілер жатады:

        1)майларды және басқа тұтқырлы мұнай өнімдерін сусыздандырып тазалау;

        2)отын және майларды араластыру;

        3)істен шыққан майларды қайта қалпына келтіру;

        4)құрылыстарды және техникалық жабдықтарын жөндеу;

        5)бу қазандарды, тасымалдауды және энергетикалық қондырғыларды пайдалану.

        Қосымша операциялар барлық мұнай базаларына жүргізілмейді, олар тек қана қажетті өндірістік қуаттары бар мұнай базаларда жүргізілмейді.

3.Мұнай қоймасында орындалатын негізгі технологиялық операциялар.

     Мұнай базасының аумағында құрылғы мен объектілердің тиімді орналастырылуы барлық операциялардың үздіксіздігін  қамтамасыз ететін қолайлы жағдайларды туғызады ,санитарлы-гигиеналық және өртке қарсы талаптарды сақтайды және барлық құрылғы кешен жұмысының экономикалық тиімділігін анықтайды.Мұнай базасы объектілерін қызметіне қарай біріктірген дұрыс және зоналар бойынша аумақта орналастыру керек.Жалпы мұнай базасында 7 зона бар, олар мынадай:

     1) темір жолмен қабылдап жіберу зонасы,олар темір жол толтырып-босату қондырғыларынан, сорғы және компрессор станциялардан,сұйықты ыдыстарда сақтағыштардан, зертханалардан, түрлі қызметті техникалық құбырлардан,оператор бөлімінен және  т.б. құрылады;

     2) сумен қабылдап жіберу зонасы теңіз немесе өзен пирстарымен, айлақтармен, сорғы станцияларымен,технологиялық құбырлармен , оператор бөлмелерімен, манифольдтармен және басқа құрылғылармен анықталады, олар тасымалдау ыдыстарына мұнай өнімін толтыру-құю операцияларын қамтамасыз етеді;

     3) қоймалық сақтау зонасы қоймалар, технологиялық құбырлар, газ жинағыштары, газдық байланыстар, сорғы цехтары оператор бөлмелері,манифольдтары және басқалары кіреді;

     4) мұнай өнімдерін жекелеп жіберу зонасына автоэстакадалар, автоцистернаға мұнай өнімдерді толтыруқондырғылары, мұнай өнімдерінің түрлі сақтағыштары, істен шыққан майларды қайта орнына келтіруцехы, таза және лас ыдыстарың оперативті алаңдары, авто шккелері, зертханалар және т.б. кіреді;

      Темір жол операциялары зонасында теміржолмен мұнай өнімдерін қабылдап жіберуге арналған қрылғылыстар орналасады.Осы зонаның құрамына келесі объектілер кіреді.

      1) темір жол тұйықтары;

      2) мұнай өнімдерін қабылдап жіберуге арналған толтырып-босатқыш эстакадалары;

      3) нөлдік қоймалары, олар темір жолдарынан төмен орналасады;

      4) мұнай өнімдерін  вагон-цистерналардан қойма алаңына және қайта бағытқаайдау сорғы станциялары;

      5) мұнай зерттеу зертханалары;

      6) толтырып босатқыш қызметшілердің дем алуға арналған бөлмелері;

      7)мұнай  өнімдерін ыдыста сақтағыштары;

      8) мұнай өнімдерін ыдыстарда қабылдап-жіберуге арналған алаңдар.

      Су операциялары зонасында мұнай өнімін баржа немесе кемелермен қабылдап-жіберу құрылғылары орналасқан.Оларға келесі құрылғылар жатады:

      1) мұнай толтыру кемелерінің айлақтары;

      2) стационарлы және тұрақты сорғылар;

      3) зертханалар;

      4) толтырып босату қызметшілері бөлмелері.

      Мұнай өнімдерін сақтау зонасында келесі құрылғылар орналасады:

      1) ашық және қою мұнай өнімдеріне арналған қойма алаңдары ;

...

Скачать:   txt (11.4 Kb)   pdf (188.7 Kb)   docx (14.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club