НРУ -0,5 минералды тыңайтқыш себелеуіш
Автор: Мадина Болатова • Декабрь 7, 2020 • Лабораторная работа • 1,112 Слов (5 Страниц) • 548 Просмотры
Лабораториялық жұмыс
НРУ -0,5 минералды тыңайтқыш себелеуіш
Минералдық тыңайтқыш шашқыш НРУ - 0,5 түқым себер алдында минералдық тыңайтқыш шашу үшін және сидерат тұқымдарын себу үшін қолданылады.
Сидерат дегеніміз - жасыл тыңайтқыш ретінде қолданылатын өсімдік.
[pic 1]
- орталық редуктор, 2-шатун, 3-күйенте, 4-бункер, 5 - мөлшерлеуішқұрылғының рычагы, 6-теит, 7 -тор, 8 үйме бұзғыш, 9- тербелмелі білік, 10- мөлшерлеуіш құрылқы, 11- сепкіш аппарат, 12- шашқыш диск, 13- дискі жетегінің редукторы, 14- шынжырлы беріліс.
Машинаның негізгі торапына жататындар: бункер, мөлшерлегіш, шашқыш диск, маятник тәрізді араластырғыш, конусты және цилиндрлі редукторлары бар беріліс механизмі. Машина жұмыс істеген кезде шашылатын тыңайтқыш бункерден мөлшерлегіш арқылы шашқыш дискіге түседі. Бункердегі тыңайтқыш мөлшерлегішке өтпей, тоқтап қалмау үшін маятникті араластырғыш орнатылған.
Бункер (4) төменгі жағы жіңішкере беретін пирамида тәрізді формада жасалынған. Бункердің артқы және алдыңғы қабырғаларының ішкі жағына рамка секілді, жоғары-төмен қозғалып тұратын үйме бұзғыш орнатылған. Оның сйымдылығы - 0,43м. Бункердің беті тор (7) және тентпен жабылады. Ол тыңайтқышты жауы-шашыннан сақтайды және жел де ұшырып кетпейді. Мөлшерлеуіш құрылғы (10) себу саңлауынан биіктігін өзгертетін екі клапаннан тұрады. Клапандардың орналасу қалпы рычагпен (5) және тісті сектормен бекітіледі.
Сепкіш аппаратты (11) - радиусы бойынша иілген, тербермелі білікке (9) асылған ирек пішіндегі болат планка. Себу планкісінің ауытқу амплитудасы , соған орай себу нормасы да жетек күйентесінің (3) ұзындығын өзгерту есебінен өзгереді. Себелуіш құрылғы конус тәрізді редуктордың (13) вертикаль білігіне бекітілген, бункердің астына симметриялы орналасқан диаметрі 455 мм екі болат дискіден (12) тұрады. Әрбір дискіге радиусы бойынша құрылғысы науа тәрізді төрт қалақша қатайтылған. Дискілердіңайналу жиілігі 680 айн\ мин.
Желді күнде жұмыс істегенде және тұқым-сидерат себу кезінде машинаға желден қорғайтын үш секциялы құрылғы қондырылады. Тасымалдау қалпына көшірілгенде желден қорғау құрылғысының бүйір секциялары жоғары қарай аударылады.
Жұмыс органдары іске трактордың қуат алу білігінен қосылады. Тербермелі білік кривошип, шатун(2) және күйентеге (3) арқылы (9) редуктордан қозғалысқа келтіріледі. Одан аспа мен рычаг сепкіш аппараты (11) мен үйме бұзғышты (8) қозғалтады. Себелеуіш дискілерді қозғалысқа редуктор (1), шынжырлы беріліс (14) және конус тәрізді редуктор (13) келтіріледі. Материалдарды егістік бетіне біркелкі бөлу үшін желден қорғау құрылғысымен жұмыс істеу кезінде себелеуіш дискісінің айналу жиілігі шынжырлы берілістің ауыспалы жетектелуші жұлдызшаның есебінен кемтіледі
Себу нормасын тракторшы өз жұмыс орнына отырып ақ мөлшерлеуіш аппараттың рычагымен және себу планкасының ауытқу амплитудасын өзгерту жолымен реттейді. Тыңайтқыш себу нормасы шамамен 40-2000кг/га, сидерат себу нормасы 8-150 кг/га. Агрегат жүрісінің жұмыс істеу жылдамдығы 6-12 км/сағ.
Мөлшерлегіш қодырғысы теңселіп тұратын ирек планка мен сақиналы жапқыштан құралған. Планка қозғалған кезде тыңайтқышты жапқыш пен шанақ түбінің аралығындағы саңылау арқылы шашқыш дискіге түсіреді. Шашқыш диск оны ортадан тепкіш күш әсерімен сыртқа лақтырады.
Машинаның тетіктерін реттеу:
1. Себу нормасын реттегіш механизм: Реттегіш тұтқасының көмегімен шанақ астына киілген реттегіш сақинаны толық төмен түсіреді. Осы кезде реттегіш тұтқадағы фиксатор сектордағы екінші белгіде тұруы керек, ал реттегіш сақина түсіргіш дискіге жанасуы, бирақ оның жеңіл айналуына кедергі жасамауы тиіс. Осы көрсетілген қалыптан басқаша болсареттегіш сақинаның тұтқа бекітілген орнынан жылжып, сол арқылы қалыпқа келтіріледі.
2. Себу нормасын мөлшердегіш сақинаны, бункер түбіндегі саңылауды және сепкіш ирек планканың тербелу амплитудасын өзгерту арқылы қояды. Планканың ең көп амплитудасында себу мөлшері арнайы таблицада көрсетілгендей 30-40% артық болады да ең аз кезінде, керісінше, сондай шамаға кемиді. Сондықтан алдымен мөлшерлегіш сақина арқылы себу нормасына қояды да кейін планканың амплитудасын өзгертеді.
...