Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Макеттерде, сызбаларда карьердің негізгі элементтерін зерделеу

Автор:   •  Май 24, 2023  •  Практическая работа  •  9,133 Слов (37 Страниц)  •  130 Просмотры

Страница 1 из 37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

«6В07201-ТАУ-КЕН ІСІ» БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

СТУДЕНТТЕРІНЕ ТАУ-КЕН ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН

ПРАКТИКУМ

[pic 1]

[pic 2]

Ақтөбе, 2022

№1-2 Практикалық жұмыс

МАКЕТТЕРДЕ, СЫЗБАЛАРДА КАРЬЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ

Жұмыстың мақсаты: Макеттерде, сызбаларда карьердің негізгі элементтерін зерделеу

Жұмыстың жоспары:

1.Негізгі анықтамалармен танысу.

2.Ашық тау-кен жұмыстары элементтерінің графикалық кескінімен танысу.

Әдістемелік нұсқаулық

Ашылған пайдалы қазбалардың бәрі бірдей өңдеуге жарай бермейді. Кен орындары алдымен толығымен зерттеліп болған соң қоры есептеледі. Ашылған кенорындарындағы анықталған пайдалы қазбалардың барлық қоры геологиялық қор делінеді. Анықталған геологиялық қор өз алдына есептеуге алынатын баланстық және баланстан тыс қор болып екіге бөлінеді. Баланстық қор деп белгілі техника және қазу технологиясы деңгейінде, сондай-ақ жетілдірілген өңдеу тәсілдерін қолданғанда экономикалық қажеттілік мұқтажын толық қанағаттандыратын әрі экономикалық тұрғыдан тиімді болатын пайдалы қазба қорын атайды. Бұған керісінше, тұтас кеніш немесе оның бір бөлігін қазу өте күрделі болып әрі оның құрамындағы пайдалы бөлшектерді (металды) өңдеп бөліп алудың күрделілігіне байланысты жұмсалған қаражат ақталмайтындай геологиялық қордың түрін баланстан тыс қор деп атайды. Кен қазу техникасы мен технологиясы жетіліп, өңдеу тәсілі жақсартылған жағдайда бұрын баланстан тыс саналатын пайдалы қазба түрі баланстық қор тобына қосылады. Кеніш қорының баланстық және баланстан тыс топтарға жіктелуінде оның қалыңдығы мен сапасы, яғни руда құрамындағы пайдалы бөлшек мөлшері жетекші рөл атқарады. Кеніш қорын баланстық және баланстан тыс топтарға бөлгенде мынадай сапалық екі ұғым негізге алынады: кеніштің ернеулік (борттық) және ең аз өнеркәсіптік пайдалы бөлшектер мөлшері. Ернеулік мөлшер анықтауға негіз болатын оның құрамындағы пайдалы бөлшек мөлшерінің, яғни рудадағы металдың ең төменгі шегі. Мұнан төменгі мөлшердегі пайдалы бөлшегі бар кенішті қазып алу үнемділік (экономикалық) жағынан тиімсіз. Сондықтан мұны баланстық қордың ең төменгі сапалық көрсеткіші немесе қазылатын кеніштегі пайдалы бөлшектердің өнеркәсіптік минимумы (проминимум) дейді.

       Шаруашылық мағынада кертпеш деп ашық түрде кен орнын өңдеуді жүзеге асыратын тау-кен кәсіпорнын атайды, ал техникалық мағынада кен орындарын өңдеу үшін  пайдаланатын ашық тау-кен жұмыстарының қазбаларын атайды.  Көмір карьерасын тілік деп атайды.

       Саты  түріндегі жұмыстың үстіңгі бөлігін қамтитын және жүк тиеу және транспорт қазу  құралдарын өзіндік өңдейтін карьерадағы тау-кен жыныстарының  қалыңдық  бөлігін кертпеш деп атайды.

       Жұмыстық және жұмыстық емес кертпештер ажыратылады. Жұмыс кертпештерінде бос жыныстарды алу немесе пайдалы қазбаларды өңдеу шығарылады.[pic 3]

             

           1.4 сур. Ашық кертпеш.

                Шартты белгілер:

1-  кертпештің үстіңгі бөлігі;

2 - кертпештің төменгі бөлігі;

3 – кертпеш құламасы;

4 – кертпештің үстіңгі ернеуі;

5 – кертпештің төменгі ернеуі;

Кертпеш астыңғы және үстіңгі бөлікті қамтиды, құлама және ерне. Кертпештің құламасы 3 деп қазбаланған кеңістікті жан-жағынан кертпешпен шектелген көлбеу бетін атайды.                                              

Кертпештің  құламасы  оның жоғарғы және төменгі ауданының көлденең сызығы  деп оның жоғарғы 4  және төменгі 5  ернеуін  атайды.

...

Скачать:   txt (104.7 Kb)   pdf (913.3 Kb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club