Конструкция материалдар технологиясы
Автор: galimaibek • Сентябрь 15, 2018 • Реферат • 2,956 Слов (12 Страниц) • 1,329 Просмотры
Мазмұны
- Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Станоктың техникалық сипаттмасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Жобалаушы жетектің кинематикалық схемасын өңдеу . . . . . . . . . . . . . .
- Күштік есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Білік диаметрлерін есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Тісті берілістерді геометриялық есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Тісті берілістердің ілінісудегі түйісу кернеуіне есептеу . . . . . . . . . . . . . .
- Білктерді есептеу. Үштіректердегі реакция күштерін есептеу . . . . . . . . .
- Үштіректерді ұзақтылыққа есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Біліктерді беріктікке есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Буаттарды шыдамдылыққы есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Шпиндель түйінін есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Қортынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Кіріспе
Ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін іске қосуда машина жасау саласына басты орын берген жөн. Оның өсу қарқынын жеделдету – халық шаруашылығының барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогрестің және елдің қорғаныс қабілетін тиісті дәрежеде ұстаудың негізі, болашақта экономиканы дамытудың сара бағыты.
Машина жасау өңдірістің технологиясы мен ұйымдастырылуында революциялық өзгерістер жасауды, еңбек тиімділігін еселеп арттыруды, материал мен энергияның жұмсалуын кемітуді, өнімнің сапасын жақсартуды, қор қайтарымын өсіруді қамтамасыз ететін техникалық – экономикалық жағынан ең жоғарғы дәрежедегі машиналар және жабдықтар комплекстері шығарылуы тиіс.
Машиналар мен жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігі және ұзақ уақыт сынбай сенімді қызмет атқаруы олардың бөлшектері жасалатын конструкциялық материалдардың қасиеттерінің пайдалану жағдайына (жүктеме күштер, жұмыс орталығы т.б.) қажетті жұмыс сипатамаларына сәйкес келумен байланысты. Сонымен қатар бұл мәселе таңдалған материалдардан машина бөлшектерін жасағанда бұдырлығын және экономикалық тиімілігін қамтамасыздандыратын өңдеу техналогиясын дұрыс белгілеуге байланысты.
Міндетті қызметіне орай машиналар бөлшектерінің конструкциялық беріктіктерін қамтамасыздандыруымен бірге олардың арнайы (мысалы: электрофизикалық) қасиеттерін мөлшерлеу қажет. Кейбір кезде, міндеттелген қызметіне байланысты машиналар мен жабдықтардың бөлшектері жасалған материалдар жоғарғы немесе төмен (теріс) температуралардың, жоғары вакуумның, ылғалдың немесе әр түрлі агрессифтік газдар мен сұйықтардың орталығында ионизациялайтын сәулелердің ықпалдарының әсерінен өздерінің жұмыс сипаттамаларын жоғалтпауы қажет.
Тұтыну көлеміне қарай өндірістің машина жасау саласы материал сіңіргіш және пайдаланылатын конструкциялық материалдардың түрлері өте кеңде саны үздіксіз өсуде. Машина жасауда бөлшектердің дайындамаларын өңдіру елеулі орын алады. Мысалы: машина жасау қажетті жалпы еңбектің 40-45% дайындамалар өңдіру үшін жұмсалады.демек, дайындамаларды өңдіру машина жасау технология жүйесінің маңызды бөлімі.
«Конструкция материалдар технологиясы» пәнінің оқытатын мәселесі қазіргі замандағы өндірісте қолданылатын негізгі конструкциялық материалдармен оларды өңдіру тәсілдерімен дайындамалармен машина бөлшектерінің пішіндерін құю, қалыптастыру әдістерімен және оларды іске асыру үшін қолданылатын әмбебапты жабдықтармен студенттерді таныстыру.
Машина жасау мамандықтарына арналған студенттер бұл пәнді меңгергеннен кейін арнайы технология болып есептелетін «Дайындамаларды жобалау және өндіру» және «Механика – құрастыру өндірісі технологиясы» пәндерін меңгеріп ірге тас болып есептелетін инженерлік технологиялық білім алады.
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамудың стратегиясы» - деген бағдарламасында, қоғадық өмірдің шешуші саласы – экономика саласындағы стратегия мен тактика құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыруды талап еткен.
...