Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алматы вагон жөндеу зауыты

Автор:   •  Ноябрь 26, 2018  •  Реферат  •  5,333 Слов (22 Страниц)  •  1,447 Просмотры

Страница 1 из 22

Алматы вагон жөндеу зауытының жекешелендірілуімен жолаушылар вагондарын жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көлемнің үштен екі бөлігінен астамы нарыққа өтеді.

 
[pic 1]

Жекешелендіру жоспары бойынша «Қазақстан темір жолы» Ұлттық команиясы (ҚТЖ, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жүз пайыз «еншісі») 2018 жылға дейін 35 еншілес активтердегі пакеттерін сатуға шығаруды көздеп отыр. ҚТЖ-ның анағұрлым қызығушылық тудырып отырған активтерінің бірі – Алматы вагон жөндеу зауыты (ұлттық комнаия – бұл активтің жалғыз акционері) – қазіргі таңда тұтастай сатуға қойылды. Оның бастапқы құны – 6,6 млрд теңгені құрап отыр. Ақтөбе және Қызылорда қалаларындағы екі филиалдарымен бірге зауыт нарықта жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша Қазақстандағы қызметтің шамамен 70%-ын бақылауда ұстайды.
 
         Алматы вагон жөндеу зауытының (АЗС) тарихы – бұл 20 жыл ішінде қарапайым вагон жөндеу депосынан қазіргі заманның үздік технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етілген және жоғары білікті мамандар штаты бар толыққанды зауытқа дейінгі жолды жүріп өткен кәсіпорынның тарихы. Бұл өзгерістердің басым бөлігі вагон жөндеу цехын вагон жөндеу зауыты етіп қайта жасақтау жобасымен байланысты. Кәсіпорын тарапынан бұл жобаны жүзеге асыру үшін 60 млн доллар көлемінде қаражат жұмсалған. Оның 45 млн-ы жапондық өкілдер тарапынан несиеге берілсе, қалған бөлігін ҚТЖ бас компаниясы бөлген болатын. 

Қайта құру шаралары өткеннен кейін зауыттың вагондарды деполық жөндеу бойынша жоспарлы жобалық қуаты жылына мың бірлікке дейін көтерілді, яғни жылына күрделі жөндеуден өтетін вагондардың саны 500-ге дейін жетті. Жобалық көрсеткіштерге зауыт үш жылдан кем уақыттың ішінде қол жеткізді.

Бүгінгі таңда жолаушылар вагондарын жетілдіру және жөндеу жұмыстарының барлық түрлері кәсіпорынның негізгі қызметі болып табылады. Сонымен қатар, зауыт жолаушылар вагондарының қосалқы бөлшектерін, тораптары мен толымдаушыларын дайындау, жөндеу және қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын орындайды.  Бүгінгі заманға сай жабдықтардың көмегімен зауыт барлық типті электр қозғалтқыштарының күрделі жөндеу жұмыстарын, металл құрылымдары мен стандартқа сай келмейтін жабдықтарды дайындау, металл бұйымдарын гальваникалық және полимерлік жабу, ағаш, пластмассадан, түсті металдардан вагон бөлшектерін әзірлеу қызметтерін жүзеге асырады. Бұдан басқа, кәсіпорын материалдарды жоғары дәлдікпен лазерлік және плазмалық кесу қызметтерін ұсынады.  
          «Жаңа вагон құрылысына қарағанда, вагонды күрделі қалыпына келтіру жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындар шамамен 70 пайызға дейін төмен. Ал бұл арада терең жетілдіру және базалық элементтерді жаңартумен күрделі жөндеу жасау жөнінде айтар болсақ, негізінен бұл да құрастыру өнеркәсібі болып табылады. Зауыт цехынан жаңартылып шыққан вагондардың әзірлеуші зауыттан құрастырылып шыққандардан еш айырмашылығы жоқ», - дейді Алматы вагон жөндеу зауытының бас технологі Виктор Филонов.

Филонов мырза терең әрі жан-жақты жетілдірудің жарқын мысалы ретінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктері үшін әзірленген үш медициналық поездардың құрылысын атады. Мұндай поездардың бір құрамы толық циклды тексеру және амбулаторлық оталар жасауға арналған барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген жеті вагоннан тұрады. Аталған поездардың бірі 2011 жылы жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы деп танылған.  Сондай-ақ, бұл кәсіпорында мемлекеттің лауазымды тұлғаларына арналған барлық вагондар құрастыстырылған немесе қызмет көрсетіледі. Бұл зауыт қызметкерлерінің бір мақтанышы. Жүк вагондарының жөндеу жұмыстары да игерілді.
        «Қазіргі таңда кәсіпорын өзінің жолаушылар вагондарын шығаруға әбден дайын деп үлкен сеніммен айта аламын. Ол үшін кәсіпорынның қауаттылығы да, мамандар да жетерлік. Егер мұндай шешемідер қабыладанатын болса, біз жаңа жолаушылар вагондарын тек ішкі нарық үшін ғана шығарып қоймай, олардың жақын шетелдерге де жүзеге асырылуын да реттей аламыз», - деген үлкен сенімде Виктор Филонов.
        Өз кезегінде Алматы вагон жөндеу зауыты – бұл жекешелендіру бағдарламасы аясында жақын бірнеше жылда бәсекелестік ортаға өткізілуі жоспарланған «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес компанияларының жүзден астам активтері. 2014 жылы 59 актив сатуға шығарылып, жалпы құны 4,1 млрд теңгені құраған 12 актив жекешелендірілді. Аталған активтердің жүзеге асырылудағы жалпы құны бастапқы бағасынан 1,6 есе артық болды. Қордың Қаржы директоры – Басқарма мүшесі Нұрлан Рахметовтың пайымдауынша, бұл инвесторлар қоғамы жағынан «Самұрық-Қазына» активтеріне қызығушылықтың аса жоғары болып отырғандығын көрсетеді.
        Бұдан бөлек, өткен жылы тағы да 12 актив бойынша жүзеге асырылатын компаниялардың ортақ иелеріне басымдылық құқығымен сатып алу жөнінде ресми хабарлама жіберіліп, олардың келісімі алынды. «2015 жылы жүзеге асыру үшін 17 актив дайын болады деп болжаймыз. Бірақ бұл олардың барлығы міндетті түрде бір жылдың ішінде саталады дегенді білдірмейді. Дегемен аталған активтер сатуға қойылу үшін дайындалатын болады.  Сатуға шығарылған активтер негізінен – бұл стратегиялық маңызды инвесторларды немесе әріптестерді тартуға басты екпін жасалып отырған ірі  бизнес. Бұл орайда біздің алдымызда барлық активтерді қалай болғанда да сату міндеті тұр. Біз нарықтық шарттар бойынша әрекет етеміз және егер активтер ағымдағы жылы сатып алынбаса, келесі жылы сатылуы мүмкін. Қауіп-қатерлері мен мүмкіндіктерін бағалап, кемеліне жетуге үшін бизнесті сатып алуға да уақыт қажет», - деді Рахметов мырза.  
        Кәсіпорынның қаржылық есеп мәліметтері бойынша Алматы вагон жөндеу зауытының 2013 жылдағы жалпы құны 4,72 млрд теңгеге бағаланған. Жарғылық капиталы 4,97 млрд теңгені құрайды. Алматы вагон жөндеу зауыты «Самұрық-Қазына» АҚ-на кіретін компаниялармен құны 5,87 млрд теңге көлемінде 55 келісімшарт жасасқан. Зауыт территориясының ауданы – 13 гектардан асады. Қызылорда қаласындағы Рем ПВ-1 және Ақтөбе қаласындағы Рем ПВ-2 филиалдарын қоса алғанда «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ-да 1500 қызметкер жұмыс істейді.

...

Скачать:   txt (79.7 Kb)   pdf (655 Kb)   docx (445.8 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club