Көп қабатты қабырға арқылы жылу тасымалдану сұлбасы
Автор: Aidanna_04 • Февраль 20, 2023 • Реферат • 1,358 Слов (6 Страниц) • 210 Просмотры
өткізгіштігін ескеретін формулалар қолданылады (1-сурет).
1-сурет. Көп қабатты қабырға арқылы жылу тасымалдану сұлбасы
Көп қабатты қабырға тегіс қабырға арқылы өтетін жылу ағымының ақырғы өлшеміне тең:
Теориялық мəліметтер.
Су буы өндiрiстiң əр түрлi салаларында өте жиi пайдаланылады. Мысалы жылуалмасу аппараттарының жылутасымалдағыштары ретiнде, букүштi қондырғалардың жұмысшы денелерi ретiнде, фармацевтика жəне тамақ өнеркəсiптерінде тiкелей технологиялық процестерде су буы кеңiнен қолданылады.
Заттың сұйық күйден газ күйiне өтуiн буға айналу процесi деп атайды. Буға айналу процесi сұйықтың ашық бетi арқылы жүретiн болса, мұндай процестi булану деп атайды. Ал буға айналу сұйықтың барлық көлемiнде бiрдей жүретiн болса, қайнау деп атайды. Булану процесi сұйықтың кезкелген температурасында жүре алады, ал қайнау процесi қанығу немесе қайнау температурасында өтедi. Сұйықтың қайнау немесе қанығу температурасы оның табиғатына жəне қысымына тəуелдi.
Қайнау процесi кезiнде бу көпiршiктерiмен бiрге судан оның майда тамшылары да ілесе ұшады. Сондықтан қайнап тұрған су үстінде бу мен су тамшыларының қоспасы түзiледi. Мұндай қоспаны ылғал қаныққан бу деп атайды.
Егер ылғал қаныққан буға жылу берілсе, оның құрамындағы су тамшылары буға айнала бастайды. Судың соңғы тамшысы буға айналған сəтте құрғақ қаныққан бу алынады.
Құрғақ қаныққан буды тұрақты қысымда қыздырса, ол өте қызған буға айналады. х m
x
Мұнда m - құрғақ қаныққан бу массасы; mx - ылғал бу массасы. Құрғақ қаныққан бу үшiн x =
1, қайнап тұрған су үшiн x = 0, ылғал бу үшiн 0<x<1.
Нысандағы барлық микроорганизмдер түрлерін өлтіруді немесе одан алып кетуді
стерилизация деп атайды.
Дəрілік түрлердің өнеркісіптік өндірісінде бүгінгі таңда стерильдеудің 3 түрлерін қолданады:
механикалық, химиялық жəне физикалық.
Стерильдеудің механикалық əдістері
Стерильдеуші сүзу. Микробтық клеткаларды жəне спорларды өлшемдері өте кіші (1-2 мкм)
ерімейтін түйіршіктер түрінде қарастыруға болады. Басқа қосындаларға ұқсас оларды сұйықтан механикалық жолмен бөлуге болады. Мысалы кеуектігі өте кіші сүзгілер арқылу сүзу жолымен. Стерильдеуші сүзудің термиялық сүзуден артықшылығы бар. Көптеген термолабильді заттар (апоморфин гидрохлориді, викасол, натрий барбиталы жəне т.б.) үшін ол бірден бір қол жетімді стерильдеу əдісі болып табылады. Көз тамшылары өндірісінде бұл əдіс өте тиімді.
Стерильдеудің химиялық əдістері
Бұл əдістер микроорганизмдердің əртүрлі химиялық заттарға жоғары арнайы таңдамалы сезімталдығына негізделген. Аталған қасиетті олардың клеткаларының қабықшаларының жəне протоплазмаларының физико-химиялық құрылымдары анықтайды. Кейбір заттар клетка протоплазмасын коагуляциялайды, басқалары – тотықтырғыш сияқты əсер етеді, біраз заттар клетканың осмотикалық қасиетіне əсер етеді, көптеген химиялық факторлар ферменттік жүйені бұзуы нəтижесінде микробиологиялық клетканың өлуіне соқтырады.Химиялық стерильдеудің кез келген нұсқасы бактерицидтік заттың микроб клеткасының немесе спорының компоненттерімен əсерлесуіне негізделген.
Химиялық стерильдеу ерітінділермен (заттармен) стерильдеуге жəне газдармен стерильдеуге (газды стерилизацияға) бөлінеді.
Ерітінділермен (заттармен) стерильдеу. Стерильді өнімдер өндірісіндегі əртүрлі аппараттарды, құбырларды жəне басқа жабдықтарды залалсыздандыруға қолданылады.
7
Инженерлік пəндер кафедрасы
Зертханалық сабаққа арналған əдістемелік нұсқаулар
...