Атырау өңірінің жер-су атауларына тарихи талдау
Автор: Жунис Байгалиев • Ноябрь 1, 2020 • Дипломная работа • 23,737 Слов (95 Страниц) • 470 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Қазақстан және дүние жүзі тарихы кафедрасы
БАКАЛАВРЛЫҚ (ДИПЛОМ) БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Атырау өңірінің жер-су атауларына тарихи талдау
Орындаған: Жұмабай Б.С., 5В020300 – «Тарих» мамандығын бітіруші
Ғылыми жетекші: Ермағамбетова Ә.Ү., т.ғ.к., доцент
Рецензент: Аймұханова К.С., Атырау облыстық тарихи-
өлкетану мұражайының ғылыми істер жөніндегі орынбасары
Қорғауға жіберілді
Хаттама № «____» _____________ 2019 ж.
Кафедра меңгерушісі: ___________ .
АТЫРАУ, 2019
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ................................................................................................................3
1 ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ ТОПОНИМДЕР ЖАСАУДАҒЫ РОЛІ..........................................................................................9
1.1. Жергілікті диалектілік ерекшеліктер
1.2. Халықтық немесе географиялық терминдер
2 АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚАБАТЫ.........................................................21
2.1. Жалпытүркі тілі қабаты
2.2. Иран тіл қабаты
2.3. Қалмақ тілі қабаты
3 АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІН ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТОПТАСТЫРУ.... ................................40
3.1. Қоршаған ортаның физика-географиялық қасиеттерін
көрсететін топонимдер.........................................................................................
3.2. Адамның мәдени-тарихи және шаруашылық тіршілік өміріне байланысты топонимдер.......................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................64
КІРСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кез келген аймақтың топономиялық жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан, ол аймақтың табиғат жағдайларын, сол өлкені мекендеген халықтың көне және жаңа тарихын өн бойында сақтаған, ұлттың материалдық және рухани мәдениетінен көрініс беретін көптеген географиялық атау жиынтығы болып келеді.
«Халық тарихы оның тілінде бейнеленеді». Әрбір атау – тарихи, ал топонимиканы түгелдей тарихтың айнасы деуге болады. Атырау өңірінің топономиялық жүйесі де мыңдаған жылдар ағымында қалыптасты. Біздің жыл санауымызға дейінгі замандарда, дәстүрлі тарих, тілтану ғалымдарында «иран тілді» делініп жүрген массагеттер мен дайлар» олардан кейін аландар мен каспилер, пешенек-қаңлылар, ІХ-Х ғасырларда оғыздардың қоныстануы, ХІІІ ғ. моңғол үстемдігі, ХІ-ХІІІ ғасырлардағы «қыпшақ», ноғайлардың ХVІ- ХVІІ ғасырдың басында өлкедегі тарихы, Жоңғар калмақтарының әсері, патшалы ресейдің отаршылық саясаты т.б. өлке топонимдерінде өз іздерін қалдырды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі алдымен аса құнды лингвистикалық, географиялық, этнографиялық, тарихи мәліметтерден тұратын Атырау облысы топонимдерін зерттеп, талдауға арналған жұмыстардың жоқтығымен
дәйектелінеді.
Оның үстіне бүгінгі таңда Атырау өңірі Қазақстан экономикасының локомотиві болып табылады. Әлеуметтік, экономикалық басымдылыққа ие өңірдің тарихы мен потенциалы да сол аймаққа деген рухани, интеллектуалды назарды күшейте түсетіні белгілі.
Атырау өңірі топонимдерінің құрамында сол өңірді мекендеген халықтардың шаруашылығымен, тұрмыс-тіршілігімен, наным-түсінігімен тығыз байланысты, облыс территориясының фаунасы мен флорасына, тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты көне сөздер мен сөз тіркестерінің, бүгінгі тілдегі категорияларға ұқсамайтын тұлғалардың, дыбыстық ерекшеліктері мен грамматикалық көрсеткіштердің тарихи іздері кездеседі.
...