Латын тілінің тарихы
Автор: aziza11.aa48 • Декабрь 7, 2021 • Реферат • 430 Слов (2 Страниц) • 924 Просмотры
Фонетика
Жоспар:
Кіріспе: ---------------------------------------------------------3
Негізгі бөлім:
Латын тілінің тарихы ----------------------------------------3
• Фонетика ғылымы жайлы ----------------------------------4
• Латын тілінің фонетикасы ----------------------------------5
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі -------------------------9
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі.Латын тілінің аты 2500-3000 жыл бұрын қазіргі Италияда тұрған Лациул руынан шыққан. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды. Римның жаулап алуына байланысты латын тілі Еуропа бойынша таралды. Оның дамуына күшті ықпал еткен грек тілі болды.
Фонетика (гректің phonetikos – «дыбыс мағанасы» дегеннен шыққан) - тіл дыбыстары туралы ғылым. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз. Алфавит деген сөз – грек алфавитының алғашқы екі әрпінің қосындысы, яғни альфа – грек әріптерінің бірінші әрпі де, бета – екінші әрпі болып табылады.
Латын әліпбиінде 25 әріп бар. Оның ішінде, 6 дауысты(a,o,u,e,i,y), ал қалғандары дауыссыз дыбыстар
Латын әліпбиінде алты монофтонг (жалаң дауысты) — а, е, і, о, u, у,
Дифтонг - екі дауыстының бір буын болуы (қос дауысты) — аu (aurum-алтын ), еu (neuritis-нервтің қабынуы), ae (aegrotus-науқас).
Екпін
Бірнеше буыннан тұрған бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі. Латын тілінде екпін сөз мағанасын айқындап, саралап тұрады. Кейде екпіннің орын ауысуымен байланысты сөздердің мағаналары бір-бірінен өзгеше болады. Мысалы: édŭco [é -ду-ко]
...