Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақжайық айтысының анасы

Автор:   •  Ноябрь 24, 2020  •  Эссе  •  335 Слов (2 Страниц)  •  436 Просмотры

Страница 1 из 2

«Ақжайық айтысының анасы»

       Жалпы қазақ халқының өнер тарихы жайлы ойланар болсақ, әуелі көз алдымызға қос шегі түрлі әуенді күмбірлетер домбыра мен сол аспаптың құлағында еркін ойнайтын айтыскер ақындар оралары мәлім. Айтыс – қазақ халқының ерте кезден бүгінге дейінгі ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі өнері. Айтыс өнерінің қаймағы бұзылмаған қазақ жұртының мекені өзімнің туған жерім – Қаратөбе екенін айта кеткім келеді. Бұл дәстүрді кезінде өңірімізден шыққан Жалғас Жантілеуов, Қайырбай Нұрханов, Александр Қауенов, Шолпан Қыдырниязова жалғастырғаны көпшілікке белгілі.

     Елімізден осындай суырып салма өлеңге ысылған ақындарымыздың барына қуанамын. Соның бірі есімі ел есінде елеулі Шолпан Қыдырниязова. Шолпан он жеті жасында үкілі домбырасын қолына алып, белгілі айтыс ақыны Манап Көкенов сынға түсіп, бірінші орынды жеңіп алған жергілікті жұртшылыққа мәлім ақынымыз. Ақын Қаратөбе ауданының өзінен сегіз өнерпаздың «Облыс ақыны» атағына ие болуына зор үлесін қосқан. Бүгінде Шолпан Қыдырниязова «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалдарының, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» төс белгілерінің иегері, «Жазира», «Ерке құс», «Елігі еркін даланың», «Қос қанат» жыр жинақтарының авторы. Сондай-ақ Қаратөбе өлкесінен өнер саңлақтарының көктеп шығуына да үлесі зор. Ақын қыздың өлең жинақтарының да өзіндік мағынасы мен тәрбиелік мәні бар.

Өткенімнің биіктігі, еңісі

Өмірімнің жетістігі, жеңісі

Тірнектеген маңдай тердің жемісі

Бәрі-бәрі Қаратөбем сен үшін!

Қанат жаяр жазиралы кеңісім,

Сағынышы дертімнің – сен емісің.

Аспандағы айдан биік тұрады,

      «Қызым деген бір ауыз сөз мен үшін, – деп өзінің сағынышқа толы өлеңдерінен ақынның туған жерін сағынатындығын, өткен күнге сағынышпен қарайтындығын байқауға болады. Қазіргі кездің өзінде де ақын келешек ұрпаққа өз үлгісін көрсетіп, артына өшпес із қалдыруда. Ақынымыздың «Өмірде неше жасқа келсең де, ананы аңсайсың. Әкеңді сағынасың. Дүниедегі бас иіп, борышты болып өтетін адамың – ол саған жарық дүние сыйлаған ата-анаң» деген бір ауыз сөзінің, өмірдегі мәні зор.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (33.7 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club