Шпаргалка по "Физиологии"
Автор: 87075705069 • Октябрь 9, 2020 • Шпаргалка • 14,706 Слов (59 Страниц) • 364 Просмотры
1.Физиологияның мақсаттары,міндеттері мен әдістерінің пәні.Оның басқа өмір пәндерімен байланысы
Физиология (грекше physis-табиғат, logos-ілім)- тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары,тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.Физиология жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін,өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді.Сонымен қатар ол әрекеттерді жас кезеңдеріне байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысында бақылайды.
Физиология-тірліктану ғылымы.Ол тіршілік үрдістерді,олардың реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия,биофизика,нейрофизиология,эндокринология,радиобиология бөлініп шығады.
Тірлік (функция)- жүйелер мен ағзалардың және жасушалардың арнамалы іс-әрекеті
Үрдіс- белгілі бір нәтижені орындауға бағытталған әрекеттердің құбылыстары мен күйлерінің дәйекті түрде алмасуы
Жүйе- жалпы тірлігі бірдей ағзалар мен тіндердің жиынтығы(тынысалу,асқортыу,қанайналым,қорғаныс,реттеліс,сөйлеу)
Физиологиялық қалып (норма)- бұл тірі жүйенің оңтайлы тірлігінің шегі.
Тетік- тірлікті немесе үрдістерді реттеу тәсілі.
Реттеліс- ағзалар мен жүйелердің іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін оның ауытқуларын шектеу немесе қалпына келтіру.Оның жергілікті,гуморальды, жүйкелік тетіктері болады.
Физиологияның зерттейтін нысаны- дені сау тірі организм.
Физиологияның мақсаттары:
1. Организмнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекетттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
2. Физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру.
3. Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығына тиімді ұйымдстыруды үйрету.
4. Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.
Физиологияның міндеттері:
• жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің механизмдерін түсіндіру,
жүйке-психикасына қарсы тиімді шараларды әзірлеу.
• Мидың оң және сол жарты шарлары арасындағы функционалдық айырмашылықтарын, шартты рефлекстің функцияларын зерттеу.
• Имплантацияланған электродтар арқылы адамның миы, жасанды
жануарлардағы психопатологиялық синдромдарды модельдеу.
• Жүйкенің молекулалық механизмдерін физиологиялық зерттеу(қозу,бұлшықеттің жиырылуы)олардың модельдерін жасау.
• Реттеудің орталық механизмдерін зерттеу, организмнің вегетативтік қызметі, адаптивті-трофикалық механизмдері, вегетативті жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық әсерін ұйымдастыру.
• Адамның күйзеліске қарсы тұру механизмдерін түсіндіру.
• Адамның ғарыштағы және су астындағы функцияларын зерттеу, физиологиялық функцияларды имитациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде, жасанды роботтар жасау және т.б
Физиологияның зерттеу әдістері:
1. Бақылау әдістері- физиолгиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік әрекеттер жылжымалы болғандықтан, бұл әдетте, 2-3 үрдісті қамти алады.
2. Тіркеу әдістері-физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады.
3. Тітіркендіру әдістері-тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық (кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (тұздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны температура т.б.) түрткілердің әсерін қолданады.
4. Электрофизиологиялық әдістер- қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары т.б.) тіркегіштер мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
...