Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Физиологии"

Автор:   •  Октябрь 4, 2020  •  Шпаргалка  •  46,087 Слов (185 Страниц)  •  475 Просмотры

Страница 1 из 185

1. Физиологияның ғылым ретіндегі жалпы сипаттамасы.

Физиология (гректің physis – табиғат, logos – ілім)- жүйе, мүше, тін және жасуша деңгейінде жүретін тірі организмдердің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылады. Сонымен қатар физиология тірі оргаизм мен жүйелердің бір-бірімен байланысын қарым – қатынасын зерттейді.

Физиология – жедел дамып келе жатқан ғылымдар қатарына жатады.Физиология жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология сияқты ғылымдардан бөлініп шығып, тіршілік әректтері туралы нақтылы деректер айқындап берді.Физиологияда физикалық, химиялық, кибернетикалық, математикалық зерттеу тәсілдері кеңінен қолданылады.

Физиология ғылыми бағыт ретінде 3 топқа бөлінеді.

1.Жалпы физиология

2.Жеке физиология

3.Қолданбалы физиология

1.Жалпы физиология – организмнің жасуша мен тіндерінің ,ағзаларының барлығына тән тіршілік үрерістерін,жаратылысын,көрсеткіштері мен қасиеттерін зерттейді.Жалпы физиология салыстырмалы және эволюциялық болып 2-ге бөлінеді.

Салыстырмалы физиология- жануарлар әлемінің әртүрлі түрлерінің ұқсатығы мен айырмашылығын ажыратады.

Эволюциялық физиология – адам мен жануарлардың онтогенез және  филогенез  кезінде қалыптасу заңдылықтарын қарастырады.

2.Жеке физиология – кейбір тіндер мен ағзалардың қасиеттерін,жүйелерге бірлесіп ұйымдасуын қарастырады.

3.Қолданбалы физиология – адамның әлеуметтік жағдайларын,іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды. Мысалы :

Спорт физиологиясы – дене шынықтыру,машықтану тәсілдерін ұйымдастырады.

Тамақтану физиологиясы – адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты,

ұтымды тамақтану шараларын қалыптастыралы.

Психофизиолгия-әртүрлі психикалық үрдістерді,өзгерістерді зерттейді.

Және ұшқыш,ғарышкер,сүңгушілерге таибаттың әр алуан төтенше жағдайларына байланысты жүктемелер әсерін зерттейтін суасты,авиация,ғарыштық физиологиялар қалыптасқан.

Экологиялық физиология -  табиғаттың әр алуан төтенше жағдайларының әсерін тигізеді.

Физиологияның аса маңызды саласы – ауылшаруашылық жануарлар физиологиясы.Негізгі мақсаты мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын ғылыми жетілдіру болып табылады.

Қалыпты физиология – сау адам организмінің қалыпты жағдайдағы тұрмыс-тіршілігін ,бейімделу әрекеттерін зерттейді.

Патологиялық физиология – ауру организміндегі түрлі ауытқуларды анықтап,организмің  ары қарай сауығу үдерістерін зерттейді.

Клиникалық физиология – ауру организміндегі физиологиялық көрсеткіштердің деңгейін тексереді.

2. Физиология тарихы. Физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық

ғалымдардың рөлі.

Физиология – тірі ағза тіршілігін және оның құрамдық бөліктерін – жасуша, ұлпа, ағза және жүйе қызметтерін зерттейтін ғылым ретінде XVII ғасырда пайда болды.Деректер бойынша Қытай,Үнді,Грек ойшылдары организм құрылысы мен тіршілік әрекеттері жайлы деректер жинаған. Физиологияның даму тарихы, әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізіп оларды ашқан ғалымдардың еңбектерімен тығыз байланысты.

Жаңа дәуірге дейін Гиппократ пен Аристотельдің адам организмі жайлы еңбектерінің негізі қаланды.Аристотельден кейін екінші ұстаз Әбу Насыр Әл Фараби «Дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін,оның жаратылысына қарай атқаратын қызметін білуге тиіс»- деп жазды.

Әлемдік медицинада ерекше орын алған Абу Али ибн -Сина  физиология, валеология,медицина ғылымдарына зор үлес қосты.

Жаңа дәуірдегі физиологияның негізін салушылар

1628 жылы ағылшын ғалымы,эмбриолог Уильям Гарвей «Жүрек пен қан қозғалысының анатоиялық зерттеулері» еңбегін шығарды.Физиологияның үдерісті дамуына рефлектің көп көмегі тиді.Оның негізін француз философы Рене Декарт қалады.

Орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов түрлі түсті ажырату  теориясы жасады.XII ғасыр аяғында Л.Гальвани тіндердегі электр құбылысын ашты.

...

Скачать:   txt (708.2 Kb)   pdf (689.5 Kb)   docx (789.1 Kb)  
Продолжить читать еще 184 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club