Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шанfы спорт

Автор:   •  Март 9, 2023  •  Реферат  •  3,448 Слов (14 Страниц)  •  256 Просмотры

Страница 1 из 14

ШАҢҒЫ СПОРТ

2

Кіріспе

Шаңғымен жылжудың дұрыс техникасы дегеніміз қимыл жүйесі, олар арқылы шаңғышы өз қимылының жоғары жетістігіне жетеді. Басқаша айтқанда, шаңғымен жылжу техникасы шаңғышыға белгілі бір нəтижеге жету үшін оның дене күшінің дамуына сəйкес келетін мүмкіндігін жүзеге асыруға көмектесуі керек. Алайда егер шаңғышының жұмыскерлік қабілеті төмен болса, ең дамыған техника да жоғары спорттық жетістіктерге əкелмейді. Жəне керісінше, егер қимыл əрекеттері жақсы дамыған спортшы дамыған техниканы меңгермесе, спорттық жетістіктерге жете алмайды. Бұл техника мен спортшының        дене        бітімінің        күш        жұмсау        қабілетінің        өзара байланыстылығымен түсіндіріледі. Шаңғымен жылжу техникасының көрсеткіштері болып табиғилық, нəтижелілік, жылдамдық жəне үнемділік табылады.

3

1 Жалпы жағдай

Шаңғышы-жарысушының көптүрлі қимыл-қозғалысын жақсы түсіну үшін тұтас қимылдарды белгілі бір бөлімдерге бөліп қарастырған        жөн.        Шаңғы        жүрісінің        шаңғышылармен        жиі қолданылатын негізгі тəсілдерінің бірі - жеке сырғанау адымдардан тұратын ауыспалы екі адымды жүріс. Қимыл фазалары деп шартты түрде аталған сырғанау адымының бөлімдері өзара жеке дене мүшелері қимылының сипаты жағынан емес, өзара байланысқан топтар жағынан бөлінеді.

2 Сырғанау адымның фазалары

Сырғанау адымының əрбір фазасының өзінің жеке сипаттары бар – орындалу уақыты, жылдамдығы, сырғанау ұзынды жəне т.б.

Жалғыз сырғанау адымы екі кезеңге нақты бөлінген – шаңғының сырғанауы, мұнда шаңғышы бір шаңғымен сырғанайды жəне шаңғының қозғалыссыз тұруы, мұнда итерілістің алдында сырғанаудың соңынан сол шаңғымен кідіріс жасалады. Бұдан кейін екінші шаңғымен екінші сырғанау адым жасалады. Сөйтіп, шаңғышы оң жəне сол аяқтарын ауыстырып сырғанау адымдарын жасайды.

Ауыспалы адым жасағанда шаңғышы-жарысушы екі шаңғымен қатар жүрмейді.

Шаңғымен сырғанау кезеңі үш фазаға бөлінеді, ал итеріліс кезеңі екі фазаға бөлінеді.

І фаза – амортизациямен еркін сырғанау (2.1 сурет, а - в). Итерілістен кейін, мəселен, оң аяқпен итерілгеннен кейін шаңғышы сол аяқпен сырғанайды. Оң жақтағы шаңғы жəне екі таяқ ауада орналасады жəне қарға сүйенбейді. Еркін сырғанау жасалады. Бұл шаңғышының жылдамдықты ұлғайта алмайтын жалғыз фазасы. Фазаның шекаралары болып келесі сəттер табылады: басы – оң жақтағы шаңғының тіректен кетуі жəне соңы – оң жақтағы таяқтың қарға тірелуі.

ІІ фаза – тірек аяғын тік қою арқылы сырғанау (2.1 сурет, в - д). Бұл қимыл бұл фазада тік жүрген тірек аяқтың тізе буындары бүгілгенге дейін жалғасады. Бұл сəт ІІ фазаның соңы. Фазаның барысында шаңғышы жылдамдықты барынша төмендетпеуге ұмтыла отырып, таяқпен белсенді итеріледі. Таяқпен итерілу келесі екі фазада да жалғасады. Сондықтан ІІ фаза бұл маңызды қимылмен емес, жақсы ажыратылатын сипат – тірек аяғын тік қоюмен аталады.

4

ІІІ фаза – жартылай отырып сырғанау (2.1 сурет, д - е). Бұл сырғанаудың соңғы фазасы. Ол сирақты түсіру сəтінен басталып, шаңғының тоқтауымен аяқталады.

ІV фаза – жартылай отырып алға қарай ұмтылу (2.1 сурет, е - ж). Ол тізе буынында итерілетін аяқтың тік қойғанға дейін жалғасады. Бұл фазада тізе буынында жартылай отыру аяқталады. Ортан жіліктің ұршық басындағы белсенді жазуды үлкен жылдамдықпен нəтижелі итеріліс қамтамасз етеді.

V фаза – аяқты жазу арқылы итеріліс (2.1 сурет, ж - и). Бұл фаза жартылай отырыстың соңынан сол жақтағы шаңғының тіректен үзілуіне дейін жалғасады. Аяқпен алға ұмтылу фазаның соңында аяқталады. Сырғу адымы аяқталды, осы сəттен бастап келесі сырғу адымы басталады, ендігі жерде оң жақтағы шаңғыдан басталады.

...

Скачать:   txt (41.8 Kb)   pdf (468.2 Kb)   docx (346.2 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club