Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Футбол жарыс ережесін құру

Автор:   •  Февраль 18, 2024  •  Реферат  •  1,426 Слов (6 Страниц)  •  103 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Реферат

Тақырып: Футбол жарыс ережесін құру

Оқу тобы:ФКС-21-3 Орындаған:Тұнғатарова Салтанат Қабылдаған:Бимаханов Т.Д.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ        2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ-1.        3

  1. Футбол ойынының жүйесі        3
  2. Футбол ережесі        4
  3. Футбол ойынының тактикасы        5

ҚОРЫТЫНДЫ        7

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ        7

КІРІСПЕ

Футбол -- (ағылш. foot -- аяқ, ball -- доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол -- əлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Əр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.

Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.

Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) жəне өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.

Егер де матчтың нəтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.

Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі.

Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см.

Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тəртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады. Ең жиі болатын тəртіп бұзулар:

  • Бəсекелесті аяқпен тебу
  • Аяқпен қағу
  • Бəсекелеске секіру
  • Бəсекелеске шабуыл жасау
  • Қолмен итеру
  • Бəсекелесті ұрып-соғу т.б.

  1. Футбол ойынының жүйесі

Аулада футбол ойнап жүрген балалардың ойнына жанкүйерлер болып жүргенде, балалар қорғанысты ұмытып, қақпашыны жалғыз қалдырып шабуылда жүргенін талай көресін. Ал допты жоғалтып алғанда бəрі жапа-тармағай, ағысып, бір-біріне соқтығысып кейін қайтады.

Əрине, доппен бұлай ойнау қате жəне де ойыншылар бұдан қанағат алады деп айту қателік. Жарыстарда жəне басқа да футболдық шараларда жақсы ойнау команда ішіндегі міндеттерді бөлу керек: біреулерді шабуылда болып анықталған жүйеде ойнау керек.

Жүйе ұғымы əр футболшының индивидуалдық қабілетіне байланысты алаңда орналасуы. Бұл командаға қорғаныста жəне шабуылда нəтижелі ойлауға болысады.Ойын жүйесі бұл ойыншының тактикалық өнерінің айқын көріну түрі, ол анықталған тəсілде құралады. Яғни басқа да жəне қайталанып тұратын əдістің қолданысы.Ойын жүйесі - ойыншы мен жаттықтырушының коллективті творчествасының қорытындысы. Əдетте бұл үрдісті ойыншылар бастап, жаттықтырушылар аяқтайды.Жүйе жаңа болған сайын, оның қолданысы нəтижелі болады. Жаңа мазмұнды ойын жүйесін ойлап тапқан команда онымен қарсыласы түсінгенше ойнап, қолданады. Бəрі түсінгенсін, бұл жүйе бəріне де қолданылады.Бірақ футболда тұрақты қолданылатын бір момент бар. Ол бірін-бірі жоятын тактикасы бар командалардың ойынын шеше алады, əлсіз команданың күштісін ұтуына да əкеледі.Бұл момент сансыз ойыншылар теке-тіресі, ойын осыдан құралады, ойын негізінен 2-ші, 3-ші паста бұзылады.Бұл қарсыластар формасы бойынша əр түрлі, мысалы бір ойыншының қорғаушыдан ұзап кетуде, нейтралды допқа таласуында.Бұл қарсыластың бір ойыншының пайдасына шешіліп, оның командасына белсенді ойнауына жол ашады.Негізінен қарсыластың əр ойыншының индивидуалды сапасы жəне дарынын анықтайды.Ойыншылардың қабілеті əр түрлі жəне бір-біріне қарсы қолданылғандықтан болжамаға жəне өзгеретін нəтиже береді. Анықталған график бойынша ойын тек жалпы түрде ғана болады.Ойыншының индивидуалдық қабілеттері ойынды болжата алмайды, математикалық санауға жатқызбайды, ойын осымен қызықты. Ол адамныңтворчествалық əрекетіне байланысты.Ойын жүйесі - ойын барысының жалпы түрі, ойыншыға əр моменттен жəне көп қарсыластан творчестволық шешім табу кеңістігі.Бірақта бұл анықталмаған, жақсы ойластырылған жүйемен ойнауды жоққа шығармайды, өйткені мұндай жүйелер қарсыластың əрекетіне байланысты сəл өзгеріп, іске асады.

...

Скачать:   txt (19.3 Kb)   pdf (114.2 Kb)   docx (202.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club