Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Автокөліктерді сынау және диагностикалау

Автор:   •  Март 19, 2020  •  Лекция  •  1,274 Слов (6 Страниц)  •  1,000 Просмотры

Страница 1 из 6

А.Г. Завалко, С.Р. Байгереев

АВТОКӨЛІКТЕРДІ СЫНАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ

Лекциялардың қысқаша бағыты

1 АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Диагностикалау жүйелері. Диагностиканың автокөлікте қолдануы. Автокөліктерді диагностикалаулдың міндеттері және даму жолдары.

Автокөліктердің техникалық жағдайын диагностикалаудың теориялық негіздері күрделі байланыс комплекс болып саналады. Кез келген автокөлік диагностикалау жүйесі келесі байланыс элементтерден тұрады: диагностикалау объекті, диагностикалық параметрлер, нормативті көрсеткіштер, құралдар, диагностикалау үрдістер және адам.

Автокөліктердің диагностикалық жүйелері техникалық қызмет көрсетудің және жөндеу технологиялық үрдісімен байланысты.

Диагностикалық параметрлермен көрсетілген объекттің техникалық жағдайының өзгеруі, және бағалы көрсеткіштер диагностикалаудың әдістерін және құралдарын, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді, өткізу режимдерін анықтайды. Диагноз қою үшін нормативтер қажет, олар автокөліктердің техникалық жағдайының және экономикалық көрсеткіштердің өзгеруінің заңдылығына негізделіп, құрастырылады.

Диагностикалау, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеу режимдері, пайдалану шығынына әсер етеді. Сонымен бірге, диагностикалау, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеу режимдері жұмыс үрдісі бойынша түзетіледі. Диагностикалаудың және автокөліктердің техникалық қызмет көрсетің және жөндеудің арасында жасалған операциялар сапасын бақылауын қамтамасыз ететін кері байланысы бар.      

 

1.2 Автокөліктер диагностикалаудың объекті ретінде

Автокөлік (агрегат, механизм) элементтердің ретті құрылысы болып саналады. Оның жұмысы атап өткен элементтердің арасындағы әрекеттесуімен немесе элементтермен және жағдайлармен әрекеттесуімен шартталған.

Осы әрекеттесуі физикалық мөршерімен (желілік, электрлі, химиялық т.б.) көрсетіліп және өлшеніп техникалық жағдайының параметрлері немесе құрылыстық параметр деп аталады.

Пайдалану кезінде құрылыстық параметрлер кесімді мәнінен шекті мәніне дейін тұрақты немесе дискретті түрде өзгеріледі.

Автокөлік диагностикалау объекті ретінде біріншіден автокөліктердің техникалық жағдайы тұралы ақпаратты алудың қажеттілігімен, екіншіден, ақпаратты алу мүмкіндігімен сипатталуда. Бірінші сипаттамасы автокөліктер механизмдердің ақаулықтар үлестірім заңдармен және техникалық қызмет көрсету және жөндеумен байланысты шығынымен анықталады.

Автокөліктер диагностикалау объектінің екінші сипаттамасы автокөліктің бақылау мүмкіндігімен анықталады және диагностикалық жұмыстардың еңбегімен және бағасымен бағаланады.

Диагностикалау объектінің сипаттау үшін ресурстардың үлестіру заңдылықтар шешуші маңызы болып табылады. Ресурстың үлкен варияциясы автокөліктердің көпшілік агрегаттар және механизмдерге регламенттік қызмет көрсетудің жөнсіздігін және автокөліктерді диагностикалаудың қажеттілігін анықтайды. Автокөліктердің пайдалану кезіндегі механизмдердің үлкен варияция болғандықтан, варияцияның диагностикалау тиімділігіне әсер ету тұралы сұрақ пайда болды. Белгіленген әсер етуін анықтау үшін, [pic 1] және [pic 2]үлес шығындардың қатынас арқылы көрсетіледі.

Идеалды диагностикалау кезінде үлес шығындар ресурс варияциядан тәуелсіз:

[pic 3]

мұндағы [pic 4] - ескертетін қызмет көрсетудің бағасы;

             [pic 5] - атқарымның орташа шамасы.

Жоспарлау-ескертетін жүйе кезінде шығындар келесі формула бойынша есептеледі:

[pic 6]

мұндағы [pic 7] - тоқтап қалуды жоюдың бағасы;

                [pic 8] - жоспарлау-ескертетін жүйедегітоқтап қалудың ықтималдығы;

                [pic 9] - ТҚК-ның қабылданған мерзімділігі.

[pic 10] және [pic 11] қатынасы объектің салыстырмалы тиімділігін анықтайды

...

Скачать:   txt (21.9 Kb)   pdf (466.6 Kb)   docx (165 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club