Хабарландыруды іздеу
Автор: Индира Адамбек • Май 20, 2023 • Доклад • 3,284 Слов (14 Страниц) • 169 Просмотры
Хабарландыруды іздеу
Аукционға қатысуға өтінімді беру үшін Өнім беруші талап етілетін өтінімді іздеу қажет. Ол үшін жеке кабинеттің бас бетіндегі «Жұмыс кабинеті» мәзіріне өтіп, «Хабарландыруларды іздеу» бөлігін таңдау қажет.
[pic 1]
Экранда Сатып алулар беті бейнеленеді. Талап етілетін сатып алуды іздеуді фильтрлер жиынтығы көмегімен іске асыруға болады, ол үшін «Іздеуді көрсету» батырмасын басу ғана қажет. Іздеудің бір немесе бірнеше критерийін көрсету жеткілікті, және «Табу» батырмасын басады. Егер іздеу критерийін өзгерту қажет болса, «Іздеу параметрлерін алып тастау» батырмасын басу қажет.
[pic 2]
Сатып алу туралы ақпаратты қарап шығу үшін, іздеу нәтижесі шыққанынан кейін, «Хабарландыру атауы» жолында белсенді сілтемені басу қажет.
Таңдаулылар
Ыңғайлы болу үшін керекті хабарландыруларыңызды «Таңдаулылар» тізіміне қосуға болады. Ол үшін барлық хабарландыруларды көру формасында «Хабарландыру аты» уяшығының жоғарғы оң жақ бұрышындағы жалаушыға белгі қойыңыз.
[pic 3]
Жалаушаға басқан кезде, жалауша қызғылт сары түске толтырылады, яғни бұл хабарландыру «Таңдаулылар» бөліміне қосылған дегенді білдіреді.
[pic 4]
«Таңдаулыларға» қосылған хабарландыруларды көру үшін «Таңдаулылар» бөліміндегі «Хабарландырулар» бөліміндегі мәзір жолына өту керек:
[pic 5]
немесе жоғарғы оң жақ бұрышта ТАЖ гиперсілтемесіне басып, «Таңдаулылар» бөлімін таңдаңыз:
[pic 6]
[pic 7]
Таңдалған жарнаманы жою үшін, құсбелгіні алып тастау керек.
Хабарландыруды қарау
Хабарландыруды қарау нысаны өтінімдерді қабылдауын бастау және аяқтау мерзімдері туралы деректерді қамтиды.
Хабарландыруды қарап шығу нысаны көрсетіледі, мұнда өтінімдердің қабылдануын бастау және аяқтау мерзімдерін қарап шығуға болады.
[pic 8]
«Жалпы мәліметтер» қосымша бетте сатып алу туралы жалпы ақпарат, Ұйымдастырушы және акуциондық комиссияның құрамы туралы мәліметтер бейнеленеді.
«Лоттар» қосымша бетінде хабарландыру бойынша лоттар тізімі бейнеленеді, егжей-тегжейді қарап шығу үшін лоттың нөмірімен белсенді сілтемені басу қажет.
[pic 9]
«Құжаттама» қосымша бетінде құжаттар тізімі бейнеленеді.
[pic 10]
Құжаттың шаблонын қарап шығу үшін құжаттын атауымен белсенді сілтемені басу қажет.
Конкурста қатысуға міндетті болатын құжаттар, «Иә» деген белгіге ие болады.
Қалыптасқан құжатты қарап шығу үшін «Өту» батырмасын басқанда, файлды жүктеуге болатын, сілтеме және қол қойюшының ЭЦҚ туралы ақпараты бар нысан бейнеленеді.
[pic 11]
Талқылау
Егер конкурстық құжаттама жобасына ескертулер, сондай-ақ тапсырыс берушіге, мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысына, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысына, «Өнім беруші» рөлі бар пайдаланушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сауалдар болған жағдайда хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей «Құжаттаманың ережелерін талқылау» функционалы қолжетімді болады. Ол үшін хабарландыруды қарап шығу нысанына өту және «Құжаттама ережелерін талқылау» қосымша бетін ашу қажет.
Ескертпе: Хабарландырудың мәртебесі «Жарияланды» болуы тиіс, бұл ретте талқылауды аяқтау мерзімі басталмады.
[pic 12]
«Хабарлама алуға жазылу» батырмасын басқанда, Жүйе жеткізушіге аталған сауалға басқа жеткізушілермен сауал жіберу туралы хабарлама алуға жазылу мүмкіндігін береді.
«Хабарлама алудан бас тарту» батырмасын басқанда, Жүйе жеткізушіге басқа жеткізушілермен сауал жіберу туралы хабарлама алудан бас тартуға мүмкіндік береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құжаттама ережелерін талқылау функционалы қолжетімді емес:
...