Тасем ауданы бойынша тұзүсті шөгінділерінде көмірсутек шоғырын іздеу
Автор: Зайдуллин Серікбол • Декабрь 9, 2021 • Курсовая работа • 6,143 Слов (25 Страниц) • 293 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ»
[pic 1]
«Мұнай және газ» факультеті
«Геология және геофизика» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖОБА
«Мұнай және газды іздеудің теориялық негіздері» пәні бойынша
Тақырыбы: «Тасем ауданы бойынша тұзүсті шөгінділерінде көмірсутек шоғырын іздеу»
Орындаған: ГжБ–18 қ/т студенті Қойлыбаев А.А.
Тексерген: профессор Нурсултанова С.Н.
Атырау – 2021 жыл
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
I. Геологиялық бөлім
1.1. Жобаланатын жұмыстар ауданының физикалық-географиялық және экономикалық жағдайлары.....................................................................................5
1.2. Жобаланатын жұмыстар ауданының геологиялық-геофизикалық зерделенуі.................................................................................................................7
1.3. Ауданның литологиялық-стратиграфиялық сипаттамасы...........................9
1.4. Ауданның тектоникалық құрылымы............................................................14
1.5. Мұнайгаздылық және мұнайгаздылық перспективалары..........................16
1.6. Ауданның гидрогеологиялық сипаттамасы..............................................17
1.7. Мұнай мен газдың болжамды немесе перспективалық қорларын есептеу....................................................................................................................18
II. Әдістемелік бөлім
2.1. Іздестіру немесе барлау жұмыстарын жүргізу әдістемесінің негіздемесі..............................................................................................................19
2.2. Іздеу немесе барлау ұңғымаларын орналастыру жүйесі............................20
2.3. Керн мен шламды іріктеу..............................................................................21
2.4. Кәсіпшілік-геофизикалық және геохимиялық жұмыстар кешенін таңдау......................................................................................................................23
2.5. Өнімді горизонттарды сынау және сынамалау............................................25
2.6. Зертханалық зерттеулер.................................................................................26
III. Ғылыми бөлім
3. Бұрғылау қондырғысының түрін және ұңғымаларды бұрғылауға арналған құралдарды таңдау...........................................................................................28
IV. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі......................................................................31
V. Қойылатын талаптар
Кіріспе
Еліміздің экономикасында мұнай өнеркәсiбi басты орындардың бiрiн алады. Мұнай өндiрудiң жоғарылауы ауыр және жеңiл өнеркәсiптердiң, ауыл шаруашылығы мен транспорттың дамуын жеңiлдетедi. Күннен-күнге мұнай-газ және газоконденсат кен орындарының өнiмдiлiгiн жоғарылатып, жаңа технологиялық әдiстерді қолдану керек. Белгiлi ашылған мұнай-газ кен орындарының көбiсі Каспий маңы ойпатында орналасқан.
Өзінің ғасырлық даму кезеңінде Қазақстан Республикасы мұнайымен зерттелген қорының көлемі бойынша 13-ші орында, газ және конденсаттан 5-ші, мұнай өндіру деңгейі бойынша дүние жүзінде 28-ші орынды алатын ірі мұнай өндіретін елдің біріне айналды. Қазақстан ТМД елдері ішінде зерттелген мұнай қоры және мұнай өндіру деңгейі бойынша берік 2-ші орынға, ал конденсатпен газ қоры бойынша 4-ші орынға ие. Сонымен қатар айтарлықтай көп болжанған ресурстарға ие. Республиканың болжанған мұнайының алынатын қоры құрлықта 7,8 млрд. тоннаға бағаланады, мұнда олардың 2/3 Батыс Қазақстанда шоғырланған. Республиканың болжанған газ қоры 7,1 трлн. куб метрге бағаланады.
...